«Қазгидромет» Яндекс ауа райы сервисімен ынтымақтастық жөнінде келісті

Жарияланды
Фото: kursiv.media

«Қазгидромет» Яндекс ауа райы сервисімен ынтымақтастық жөнінде келісті, деп хабарлайды «Казгидромет» баспасөз қызметі.

«2023 жылғы 20 қыркүйекте «Қазгидромет» РМК-де Яндекс халықаралық ақпараттық технологиялық (АТ)компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. «Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Әлімбаева Қазақстандық ауа райы қызметінің АТ компаниясымен ынтымақтасуға, жер үсті бақылау желісінің деректерін Яндекс қосымшасына біріктіруге дайын екендігін білдірді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазгидромет басшылығы өзінің болжамдық өнімдерінің халыққа қолжетімді болатынын айтқан. Кездесу барысында ауаның ластануы туралы ақпаратқа және деректердің халыққа қолжетімділігі мәселемі де талқыланған. Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар халыққа ақпарат беру үшін өнімдерді бірлесіп әзірлеу туралы келісімге келген.

Казгидромет сонымен бірге «COROBOR» компаниясымен де бірігіп өз базасында ақпаратты жинау және өңдеу үшін біріктірлген платфомасын іске қоспақшы.

Бұл платформа Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан сынды Орталық Азия елдерінің ауа райы қызметтеріне қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз етпек. Платформа Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның қамқорлығымен, Дүниежүзілік банктің «Орталық Азия елдеріндегі гидрометеорологиялық қызметтерді жаңғырту» жобасы аясында жүзеге асырылған.

Қызметкерлерді орнатып, оқытқаннан кейін COROBOR барлық деректерді автоматты түрде жинап, өңдеп, талдайтын болады. Желідегі нақты ауа райы туралы ақпарат, спутниктік суреттер, радар деректері пайдалы ауа райы өнімдерін, есептер мен болжамдарды жасау үшін оңай қол жетімді дерекқорда сақталады.

Сондай-ақ оқыңыз