Жаңалықтар

Үш ай бойы жанып жатқан Оңтүстік Қаратұрын кен орнын бұрғылап жатыр

скважина
Фото: gov.kz

Үш ай бойы жанып жатқан Оңтүстік Қаратұрын кен орнын бұрғылап жатыр. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті хабарлады.

2023 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік инспекторлары «Оңтүстік Қаратурұн» кен орнының № 303 авариялық ұңғымасына тексеру жүргізді.

Комитеттің мемлекеттік инспекторлары 2023 жылғы 21 қыркүйекте ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ғимаратында Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, «Бозашы Мұнай» ЖШС, «Caspian Drilling LLP» ЖШС, «Заман Энерго» ЖШС, «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС «Ак Берен» Маңғыстау филиалының және «Ғылыми-өндірістік орталық» ЖШС басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.

Кеңесте Аварияны жою жөніндегі жедел штаб басшылары, «Бозашы Нефть» ЖШС, «Caspian Drilling LLP» ЖШС, «Заман Энерго» ЖШС және «Ғылыми-өндірістік орталық» ЖШС басшылары тыңдалды.

Сондай-ақ, аварияны жоюдың қабылданған әдістері және аварияны жоюдың жедел штабының іс-қимылдары бойынша мәселелер талқыланды.

Кеңес нәтижелері бойынша ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысына тиісті тапсырмалар және апатты жою жөніндегі жедел штабқа ұсынымдар берілді.

Мәселені қазіргі уақытта апатқа жақын жерде бұрғыланатын бірнеше ұңғымалардың көмегімен шешу жоспарлануда. Мәселен, «Caspian Drilling LLP» ЖШС компаниясы №305-Н көлбеу бағытталған ұңғыманы бұрғылауда.

«Бұл ұңғыма №303 авариялық ұңғымадан 350 метр қашықтықта орналасқан, жобалау құжаттамасына сәйкес ұңғыманың тереңдігі 1 272 метрді құрайды. Бұрғылау аяқталғаннан кейін «Бозашы Мұнай» ЖШС апаттық ұңғыма оқпанының газ және су горизонттарын анықтауға мүмкіндік беретін каротаж жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ су айдау үшін № 302 көлбеу бағытталған ұңғыманы бұрғылау жүріп жатыр. Жоба бойынша ол 1200 метр болуы керек, бірақ әзірге 975 метр бұрғыланды. Жұмыс жалғасуда. № 303st көлбеу бағытталған түсіру ұңғымасын бұрғылау басталды. Мұнда тек 157 метр бұрғыланды, ал жоспар бойынша шамамен 470 м болуы керек.

.Алғаш рет Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы газ фонтанының өртенуі туралы 9 маусымда LADA басылымы хабарлады. Содан бері олар оны сөндіре алмай жатыр.

Еске сала кетсек, 9 маусым күні «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай кен орнында өрт тұтанды.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысында маусым айынан бастап жанып жатқан өртті сөндіруге миллиондаған теңге жұмсалған.  

Айта кетейік Қаратұрындағы апатқа қатысты компания мәлімдемесі: Бозашыда ауаға бөлініп жатқан метан емес, газ-су қоспасы деп мәлімдеме жасаған.