Ресей бөгетіне қарамастан Қара теңізде украиналық сауда дәлізі іске қосылды

Жарияланды

сурет: bbc.com

Украина әлемдік нарыққа түрік бұғаздары арқылы астық пен басқа да тауарларды жеткізуге арналған жаңа дәлізді іске қосты. Ресейдің сауда кемелеріне әскери нысана ретінде қарау қаупіне қарамастан кемелер қозғалысы қайта жанданды. Бұл жайлы BCC жазды.

Сарапшылар теңіз жолдары арқылы мұндай қозғалыстың жандануы – жаңа қақтығыстың өршуіне жол ашады деп санайды.

Палау Resilient Africa туын желбірете Одессадан шыққан шағын түрік балкері Босфорға үш мың тонна украин бидайын әкелді. Ал жұма күні жаңа маршрутта қарбалас қозғалыс басталды.

Жаңа дәліз арқылы көркі қызған саудаға қатысты Украинаның Инфрақұрылым министрі Александр Кубраков:

Таңертең Египетке қарай 18 мың тонна бидай тиелген Aroyat кемесі кетті, деп хабарлады.

Деректерге сүйенсек, Одесса порттарына жақындағанда «Черноморск» және «Південний» («Оңтүстік») сынды тағы үш балкер (Azara, Eneida және Ying hao 01) Қытайға, Египетке және Испанияға 127 мың тонна АгроӨнім мен темір рудасын әкетеді.

MarineTraffic қызметінің мәліметтеріне сенсек, қазір жүк кемелерінің барлығы Украинаның аумағындағы теңіз айдынында қалқып барады.

Сарапшылар мұндай «тыңға түрен салға» сауда дәлізін Ресей тарапының бұзуға тырысатынын ескертті. Ақырында Қара теңіз аймағындағы соғыстың өршуіне және ресейлік астық экспортындағы келеңсіздіктерге әкелуі мүмкін екенін айтты.

Еске сала отырайық, шілде айынан бастап Украина Босфор арқылы бидай мен жүгері экспорттауды тоқтатқан. Өйткені Ресей президенті Владимир Путин теңіз дәлізін жабуды бұйырды. Сонымен қатар, Ресей әскери Украинаға баратын барлық кемелерге қауіп төндіріп, Украинадағы порт инфрақұрылымы мен астық қорларын жоя бастады.

Түрік президенті Режеп Ердоған Путинді сауда жолын қайта жандандыруға көндірмек болды, бірақ кездесу нәтижесіз аяқталды. Украина Кремль саясатына қарамай Түркиямен тікелей келіссөз өткізіп, жаңа дәлізді іске қосты.

Сондай-ақ оқыңыз