Канада Украинаға көмекті арттырады және Ресейге қарсы санкцияны күшейтеді

Жарияланды

Украина президенті Владимир Зеленскийдің Канадаға сапары барысында осы Солтүстік Америка елінің билігі Киевке қосымша көмек пакетін бөлетіндерін айтты. Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар енгізілді. Бұл туралы Еuronews хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский Канада Парламентінде сөз сөйлеп, Украинаға қосымша қаржылық және гуманитарлық қолдау көрсетуге уәде берген елдің Премьер-Министрі Джастин Трюдомен келіссөздер жүргізді.

Оттава Киевке тағы 650 миллион канадалық доллар (452 миллион еуро) бөледі. Осы соманың бір бөлігі ретінде Канада Украинаға Leopard танктерін беріп, одақтастар ұсынған броньды машиналарға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Оттава санкция тізіміне 42 жеке және 21 заңды тұлғаны қосып, Мәскеуге қарсы санкцияны күшейтті.

Сондай-ақ оқыңыз