Католик әлемінің рухани жетекшісі Рим Папасы Франциск Еуропаны мигранттар мәселесі үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға шақырды. Бұл туралы Рим Папасы Францияның оңтүстігіндегі Марсель қаласына сапары кезінде мәлімдеді.
Жерорта теңізіне көші-қон тақырыбын қозғай отырып, Рим Папасы Франциск мигранттарды қоғамға біріктіру қажеттілігін мәлімдеді.
«Біз оларды жасырудың орнына, жақсы қарсы алуымыз керек. Олардан құтылу керек деп ойлау қате пікңр», – деді ол.
Рим Папасы Жерорта теңізі әлемнің айнасы екенін және «жаһандық бауырластыққа шақыруды қамтиды»деп атап өтті.