IPO нарығын не күтіп тұр, облигациялар бойынша тәуекелдер, қымбаттаған мұнайдан зардап шегетін кім?
Мұнай бағасының өсуі дамушы елдердегі инфляцияның төмендеуін бәсеңдетеді, сондықтан олардың қор нарықтарында инвестициялардың өсуі баяулауы мүмкін. Сарапшылар Батыс елдеріндегі қарыз нарығында да түрлі тәуекел болатынын айтады. Өйткені жоғары мөлшерлемемен қарыз алу көлемі артып жатыр. Осыған байланысты Жапония инвесторлар үшін қолайлы ортаға айналды. Жапон үкіметі жергілікті акцияларға деген қызығушылықты арттыруға тырысып бағуда. Осы және басқа тақырыптар туралы өткен демалыс күндеріндегі Дүниежүзілік БАҚ шолуынан оқи аласыз.
Мұнай бағасының өсуі дамушы елдердегі инфляцияның төмендеуін баяулатады
Бірнеше ай бұрын дамушы нарықтарға тән активтер көш басына шықты. Мұның ықпалымен инфляция төмендеп, пайыздық мөлшерлемелер қатар түседі деген сенім пайда болды. Алайда, мұнай жылдық ең төменгі деңгейден 30%-ға өсті де, бұл секторға қарай ағылған инвестиция іс жүзінде тоқтап қалды, деп жазады Bloomberg. Қымбат мұнайдың себебінен баға құбылмалығы қайта жаңғырып, пайыздық мөлшерлемелер төмендейді деген сенімге селкеу түсті. Энергия импорттаушы елдердің бюджет теңгермелігіне қатер төнді.
Мұндай өзгерістер дамушы нарықтардың «астын үстіне түсіруі» мүмкін. Мәселен, Үнді облигациялары, венгриялық форинт пен филиппиндік песоға дейінгі тұтас дамушы елдердің активтері барған сайын осалданып бара жатқаны байқалады. Бұған қатысты Лондондағы Globaldata TS Lombard компаниясы, дамушы нарықтарға тән макро стратегияны басқарушы директоры Джон Харрисон оймақтай ой айтты. Ол өз сөзінде:
«Қытайдан басқа дамушы елдердегі дефляция қазірдің өзінде құлдырап кеткені анық», — деді.
Индекс государственных облигаций развивающихся стран Bloomberg и индекс валют развивающихся стран MSCI снижаются второй месяц подряд. В худшем положении окажутся Индия, Филиппины, Пакистан, Иордания, Кения и Марокко, считает Хаснайн Малик из Tellimer. Vontobel Asset Management стремится сократить свои позиции на рынках, которые сильно зависят от импорта нефти.
«Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялар индексі және MSCI дамушы елдердің валюта индексі екінші ай қатарынан төмендейді. Үндістан, Филиппин, Пәкістан, Иордания, Кения және Марокко ең нашар жағдайда болады», – дейді Хаснайн Малик (Tellimer).
Vontobel Asset Management мұнай импортына қатты байланған, аса тәуелді нарықтардағы позицияларын қысқартуға тырысады.
IPO-ның аяқ алысы қандай?
АҚШ-тың алғашқы орналастыру нарығы соңғы екі аптада айтарлықтай жанданды, деп жазады The Wall Street Journal. Басылым жағдайды талдап, келешегіне болжам жасады. Инвесторлар ARM, Instacart және Klaviyo-ны күткенімізден де жоғары бағалады. Барлық үш эмитент те сауда-саттықтың бірінші күнінде өсті, бірақ кейін айтарлықтай төмендеді.
Бірінші сауда күнінде 25%-ға өскен ARM акциялары алты күн қатарынан төмендеді. ФРЖ-ның жоғары мөлшерме жиілігін жалғастыруына қатысты сыбыс шыққанда, технологиялық компаниялардың акциялары да құлдырады. Instacart және Klaviyo қағаздары да жалпы құлдырауға байланысты зардап шекті. Millennia Capital компаниясының қызметкері Марк Ково аталған компаниялардың бастапқыда әлін білмей, аспандағы айға қолын созғанын айтады (қазіргі жағдайлар үшін).
IPO нарығы рекордқа толы болған 2021 жылмен салыстырғанда «әлі ұйықтап жатыр». Терең ұйқыға кету құбылысы ФРЖ мөлшерлемені көтеру науқанын бастағаннан кейін болды. Dealogic мәліметтері бойынша, 2022 жылы АҚШ-тағы IPO кем дегенде жиырма жыл ішіндегі ең аз қаражатты жинаған.
2023 жылдың соңына дейін АҚШ-та Birkenstock аяқ киім компаниясы мен Waystar бағдарламалық жасақтамасы өз акцияларын нарыққа шығарады деген үміт бар. The Neuberger Berman (IPO мәселелері бойынша консалтинг) IPO дайындау мәселелері бойынша жеке компаниялар өтінімдерінің өскенін атап өтеді. Жарты жыл бұрын бір өтініш болса, қазіргі уақытта беске дейін жеткенін жеткізеді.
Сарапшылар қарыз нарығын да түрлі тәуекел күтіп тұрғанын шырамытады
Apollo Global Management Inc-дегі Джеймс Зелтер АҚШ экономикасының «тіреуі болатынына» күмәнмен қарайды, ал Ares Management LLC негізін қалаушы Майкл Аругети «қаржылық апат» қаупі туралы айтады. Sixth Street Partners LLC менеджері Джошуа Истерли мен хедж-қор менеджері Хамза Лемсугердің айтуынша, алдағы жылдары дефолттар көбейеді, өйткені тәуекелді қарыздарды қайта қаржыландыру қажет болады. Bloomberg те өткен аптада Лондонда өткен жаһандық несие форумында айтылған сарапшылардың пікірлерін алға тартады.
Бұл пікірлер қаржы менеджерлерінің ұстанымын айқындап, жоғары мөлшерлемелердің нарыққа қаншалықты әсер ететініне әлі де болса алаңдайтынын білдіреді. Халықаралық қаржы институтының мәліметінше, I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бүкіл әлемде өтелмеген қарыз көлемі рекордтық 3 307 трлн-ға дейін өсті.
«Бүкіл әлемде баға өсуінің нақты әсері әлі сезілген жоқ. Адамдар бізді мамыражай тірлік күтіп тұр деп айтса, мен бірден күмәнмен қараймын», – деді Зелтер.
Пандемия кезінде үлкен сомалы қарыз алған көптеген батыс елдерінің үкіметтері енді жоғары пайыздық мөлшерлемемен есеп айырыспақ. Маусым айындағы мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тың Федералды қарызына қызмет көрсету құны қаржы жылының алғашқы тоғыз айында 25%-ға өсті.
IDC болжамы бойынша, 2023 жылдың соңына қарай жаһандық қарыз әлемдік ЖІӨ-нің 337%-на жетеді, бұл пандемияға дейінгі деңгейден едәуір асып түседі және көбінесе бюджет тапшылығына байланысты орын алады.
Қаржылық дағдарыстан 25 жыл өткеннен кейін дамушы нарықтар «оянып», инвесторларды тартуды жалғастырып жатыр
The Wall Street Journal 1998 жылғы қаржылық дағдарысқа арналған аналитикалық материалдар топтамасын шығарады. Дамушы нарықтар қазір ширек ғасыр бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсы жағдайда, дегенмен пессимистердің пікірінше, Қытайдағы жылжымайтын мүлік нарығындағы қиындықтар жаңа әлемдік қаржы дағдарысын тудыруы мүмкін.
Юань қазір 2007 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түсті. Қытай үкіметі мен корпоративтік секторда валюта бағамын ұстап тұруға болатын жеткілікті доллар резервтері бар. Бірақ көптеген сарапшылар юань айтарлықтай құлдырауы мүмкін деп қорқады, бұл инвесторлардың «қауіпті Қытай қағаздарынан» бас тартуына себеп болуы мүмкін.
Десе де, жалпы алғанда, дамушы нарықтар соңғы 25 жылда айтарлықтай жақсарды. Өйткені үкіметтер долларлық қарыздарды төмендетіп, жергілікті валютадағы облигацияларға көшті. Бұл дамушы нарықтарды капитал ағынынан толық қорғамауы мүмкін, бірақ қаржылық соққыларды азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ, орталық банктер тәуекелдерді тиімді игере бастады.
Американдық миллиардерлер жапондықтардың өзіне қарағанда жапондық акцияларды «құлай сүйеді»
The Wall Street Journal Жапонияның қор нарығындағы жағдайды талдап шықты. Талдауда үкіметтің бөлшек инвесторларды жергілікті акцияларға тартқысы келетіні айтылады. Американың көптеген ірі инвесторлары Жапонияға оптимистік көзқараспен қарайды. Уоррен Баффет 2023 жылдың сәуірінде жапондық компанияларға инвестицияларын көбейткенін мәлімдеді. Кен Гриффин Токиода өзінің Citadel хедж-қорының кеңсесін қайта ашуға дайындалып жатыр. Алайда, Жапония халқы қор нарығына немқұрайлы қарайды. Өйткені көп адамдар 1990 жылдардың басында Жапония активтері «шарайнасының» қалай шағылғанын әлі күнге дейін ұмытқан жоқ.
Жапония Банкінің 2023 жылдың тамызында жарияланған мәліметтеріне сәйкес, жапон үй шаруашылықтары өз жинақтарының орташа есеппен 11%-ын акцияларға, 54%-ын қолма-қол және банктік депозиттерге салады. Бұл көрсеткіш АҚШ-тан едәуір артта, мұнда, ФРЖ мәліметтері бойынша, үй шаруашылықтарының ақшасының шамамен 39%-ы акцияларға салынады, ал тек 13%-ы қолма-қол ақша мен банктік депозиттерге түседі.
Жапония Үкіметі бөлшек инвесторлардың белсенділігін салықтық ынталандыру арқылы сүйемелдеуге ниетті. Токио қор биржасы тамыз айында компанияларды жинап, инвесторларды тарту үшін дивидендтердің өсу жоспарлары мен жаңа маркетингтік стратегияларды әзірлеуге шақырды.
Сонымен қатар, 2023 жылғы митинг жапондық қор индекстерін 33 жылдық деңгейге дейін көтеруге көмектесті. Алайда, жұма күні Nikkei 32 402 деңгейінде жабылды, бұл 1989 жылғы рекордтық деңгейден 17% төмен. Осы уақыт ішінде S&P 500 индексі он екі еседен астам өсті.
Қысқа қорытқанда
2023 жылдың маусым айының ортасынан бастап жасанды интеллектке деген қызығушылықтың төмендеуі Тайвань акцияларынан 14 миллиард доллардың кетуіне әкелді, деп есептеді Bloomberg. Сонымен, Taiwan Semiconductor Manufacturing Чип өндірушісінің акциялары маусым айындағы ең жоғары деңгейден түсіп, 11%-дан астам төмендеді. The Morgan Stanley ЖИ-ға қатысты акциялардан сақ болуға шақырады.
Goldman Sachs Group Inc болса, Үндістанның JPMorgan Chase & Co дамушы нарықтарының негізгі индексіне қосылуы алдағы 18 айда елдің облигациялар нарығына 40 млрд доллардан астам ағын әкеледі деп санайды.
JPMorgan сарапшылары алдағы он жылдағы бірқатар мұнай дағдарыстарын жоққа шығармайды, деп жазады MarketWatch. Алайда, банк әлемдік отын-энергетикалық компаниялар акцияларының жалпы рейтингін «бейтараптан» «нарықтан жоғары» деңгейіне дейін көтерді және орташа капиталдандыру компанияларына емес, сектордың ірі өкілдерінің акцияларына артықшылық беруді ұсынады.
Alibaba-ға тиесілі Cainiao логистикалық компаниясы осы аптада Гонконг қор биржасында IPO арқылы кем дегенде 1 1 млрд жинауды жоспарлап отыр, деп жазады Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасап. Cainiao тәуелсіз компания ретінде биржаға шығатын қытайлық онлайн алпауыттың алғашқы бөлімшесі болуы мүмкін. Алайда, қыркүйек айында Alibaba өзіне еншілес Fresh ІPO азық-түлік желісінің алғашқы акцияларын орналастыруды кейінге қалдырды. Cебеп – тұтынушылық сектордың акцияларына деген қызығушылықтың төмендігі.
БАӘ мен Омандағы супермаркеттер желісінің франчайзиі Spinneys Dubai LLC IPO-ны 2024 жылдың екінші тоқсанына жоспарлап отыр, деп хабарлады Reuters ақпарат көздері.