Нотариусқа барудың қажеті жоқ: енді ерлі-зайыптылардың келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады
Фото: shutterstock.com
Енді ерлі-зайыптылардың нотариаттық келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады. 25 қыркүйектен бастан көрселітлетін қызметті «eGov Mobile» платформасында алуға болады. Әділет министрлігінің хабарлауынша, ведомство Республикалық нотариаттық палата және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесе отырып, бейнеқоңырау арқылы «ерлі-зайыптылардың Нотариаттық келісімін О-онлайн ресімдеу» қызметін енгізген.
Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша, бұл жаңалық ерлі-зайыптылардың нотариаттық келісімін ресімдеуді анағұрлым жеңілдетеді. Азаматтар нотариусқа жүгінбей-ақ, қажетті келісімді жылдам әрі ыңғайлы түрде ала алады.
Процесс биометриялық сәйкестендірудің заманауи технологияларын қолдана отырып, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді.
«Онлайн форматтың артықшылығы – нотариусқа жүгінуге кететін уақыт пен шығындарды үнемдеу, сондай-ақ өзіне ыңғайлы мерзімде алу» – деп атап өтті Бекболат Молдабеков.
Қызметті алу үшін:
6) «eGovMobile» платформасында тіркелу;
7) өтініш нысанын толтыру және биометриялық тексеруден өту;
8) бейнеқоңырау бойынша келісімді ресімдеу;
9) нотариустың қызмет ақысын төлеу қажет
Дайын құжат «Цифрлық құжаттар» сервисінде тұрады.
Бұған дейін сенімхатты онлайн режимде рәсімдеу қызметі енгізілген. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жеке парақшасында жазған еді.
Сонымен қатер 1 қыркүйектен жүргізушілеріне қағаз жүзіндегі«техникалық байқау» құжатын алып жүрудің қажеті жоқ. «Техникалық байқаудың диагностикалық картасы» электронды үкіметтің EgovMobile мобильді қосымшасының жеке кабинетінде, цифрлық құжат ретінде сақталатын болады.