СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы 2 млрд теңгенің субсидиясын бермей қойған
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы аграрлы өнеркәсіп кешені субъектісінің өтініші бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасының жұмысын тексерді. Нәтижесінде 2 млрд теңгеден астам сома төленбегені анықталған. Бұл жайлы СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары ауыл шаруашылығы Басқармасында 2 млрд теңгеден астам сомаға субсидия төлеу тоқтатылғанын анықтады. Мемлекеттік органдардың төлемді тоқтату туралы шешімдері прокурорлық қадағалау актілері негізінде бұзылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.
Ал өтініш білдірген кәсіпкердің құқығы қорғалып, 948 млн теңге субсидия төлеу жолы арқылы қалпына келтірілген. Прокуратураның хабарлауынша қалған соманы төлеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.