СТ-KZ сертификаты мен индустриялық сертификат қажет пе, жоқ па?
Сауда министрлігі қазақстандық тауарлардың тізілімін құруды көздейтін құжат дайындады. Оған сәйкес, бұл тауарлық тізілім қазіргі уақытта қолданыста жүрген индустриялық сертификат пен СТ-KZ сертификатын алмастыруы керек.
Құжатты дайындаушылар «СТ-KZ» сертификаты бойынша өндіріске қойылатын талаптарды айналып өту мүмкіндігі Индустриялық сертификат бойынша өндірушілердің (қауымдастықтардың) шектеулі санының мүддесі үшін өндіріске қойылатын талаптар қалыптастырылады деп санайды. Сондай-ақ қолданыстағы екі сертификат жосықсыз өндірушілерге ел экономикасына зиян келтіріп, заңсыз сертификаттар алуына мүмкіндік береді.
«Қолдану кезінде бір-бірін қайталайтын «СТ-KZ» нысанындағы сертификаттың және индустриялық сертификаттың болуы. Өндіріс субъектісіне енгізілуі қажет тізілімдердің саны бюрократиялық жүктеме болып есептеледі», деп санайды жоба авторлары.
Құжатты дайындаған министрлік осы мәселенің шешімі ретінде салалық мемлекеттік органдардың құзыретіне тауар өндіру кезінде толық жағдайларды, өндірістік және технологиялық операцияларды қалыптастыру құзыретін беруді ұсынып отыр. Бұл ретті қазақстандық тауарлар мен олардың өндірушілері туралы мәліметтер енгізілетін қазақстандық тауарлар тізілімін қалыптастырылып, жүргізілетін болады.
Бұл тәсіл:
- біріншіден, сараптама жүргізу кезінде өндірушінің мәліметтерді бұрмалау қаупін азайтады;
- екіншіден, шетелдік материалдарды пайдалануды шектейтін жағдайларды объективті есептеуге мүмкіндік береді (мысалы, барлық компоненттердің жалпы құнындағы шетелдік материалдардың үлесі);
- үшіншіден, өндірушілердің өндіріс шарттарын орындауына тиімді мониторинг пен мемлекеттік бақылауға ықпал етеді;
- төртіншіден, өнеркәсіпті дамытуды қолдауға бағытталған мемлекеттік бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді.
Егер, қазақстандық тауарлар тізілімі енгізілетін болса, біріншіден, бұл сала мемлекеттің бақылауында болады, екіншіден, бәсекелестік орта кеңейеді, үшіншіден, салалық сарапшылардың үлестес болу тәуекелдері жойылады, төртіншіден, заңсыз берілсе жауапкершілік қарастырылады.
«Өнеркәсіптің дамуын қолдауға бағытталған мемлекеттік бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді, еңбек өнімділігінің өсуін, қызметкерлердің біліктілігі мен жалақысының деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді», делінген реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында.
Құжатта бұл жобаның кемшілігі ретінде «Атамекен» ҰКП қарсы ұстанымы көрсетілген. Расымен де ҰКП кәсіпкерлері мен қауымдастықтар, отандық өндірушілер қазақстандық тауарлардың тізілімін тиімсіз санап отыр. Олар СТ-KZ және индустриялық сертификатты (ИС) сақтап қалу керек деп санайды және екі құжатты, керісінше, жетілдіру керек деген ұстанымда.
Отандық өндірушілер ресейлік модель негізінде құрылған жаңа тізілімді құруға үзілді-кесілді қарсы. Ресейде осыған ұқсас тізілім 2015 жылдан қолданылып келеді, оның үстіне өнеркәсіп те анағұрлым дамыған. Тізілімге 11,5 мың кодтың 2 мың коды енгізілген. Сол үшін де Қазақстанда мемлекеттік органдар ұсынған механизмді шикі деп санайды. Өйткені онда Тізілімге өтуге рұқсат беретін бір ғана критерий – технологиялық операцияларды орындау ғана қарастырылған. Өндірушілердің айтуынша барлық тауарларға технологиялық операцияларды жазып шығу мүмкін емес екенін айтады.
Олар Сауда министрлігінің Тізілімі тауардың шығу түбін растаудың жаңа мезханизмі деп атауға болмайтынын айтады. СТ-KZ сертификатын беру жөніндегі қолданыстағы механизмнен айырмашылығы мұнда бір ғана критерий – технологиялық операциялар ғана қолданылады. Ал СТ-KZ сертификатын алуға 3 критерий қарастырылған екен.
«Ал Сауда министрлігінің ұсынысын іске асыру үшін заңдарға өзгерістер енгізу қажет, сонымен қатар жаңа талапқа көшіп, жаңа құжатты алу үшін бизнес қаржылай және уақыттық шығынға ұшырайды» дейді өндірушілер.