Amazon акциялары қымбаттап, Nike қағаздары арзандады. Қытай нарығы құбылып тұр

Жарияланды
Фото: архив kursiv.media

Қазақстан қор биржасы сауда, қор, валюта нарығына қатысты сараптама жасады. Dow
Jones индексі 0,13%, S&P 500 0,4% және Nasdaq Composite 0,45% өсті.

Anthropic жасанды интеллект компаниясына 4 миллиард долларға дейін инвестиция
салатынын  мәлімдегеннен кейін Amazon акциялары шамамен 1,7%-ға артты. Германияның
10 жылдық облигациялары бойынша кірістілік қыркүйек айының соңына қарай 2,8%-ға
дейін көтерілді.

Нарықтағы өзге де жаңалықтарды төмендегі шолудан оқи аласыз:

Қор қарығындағы құбылыстар

АҚШ. Дүйсенбіде Dow Jones индексі 0,13%, S&P 500 0,4% және Nasdaq Composite 0,45% өсті. S&P 11 секторының сегізі жылжымайтын мүлік, коммуналдық қызметтер және тұтыну секторларын қоспағанда, елеулі табыспен жабылды. Anthropic жасанды интеллект компаниясына 4 миллиард долларға дейін инвестиция салатынын айтқаннан кейін Amazon акциялары шамамен 1,7% өсті. Netflix акциялары сценарий мамандарының бес айлық ереуілінің тоқтатылуы нәтижесінде 1,3% қосты. Дәріханалар желісі банкроттық жоспары туралы келіссөздер жүргізіп жатқандығы туралы есептерден кейін Rite Aid акциялары 33,3%-ға төмендеді, жоспарда дәріханаларының едәуір бөлігі жабылатыны
қарастырылған. FootLocker акциялары 1,9% жоғалтты, ал Nike акциялары Jefferies
сарапшылары акцияларды төмендеткеннен кейін 0,3% төмендеді. Инвесторлар
сейсенбі күні мәлім болатын АҚШ-тағы тұтынушылардың сенімі мен тұрғын үй
сатылымы қатысты мәліметтерді күтіп отыр.

Еуроодақ, Zalando акцияларының 4%-дан астам төмендеуіне байланысты DAX индексі дүйсенбіде 1%-дан 15 405-ке дейін төмендеді. STOXX 600 индексі саяхат және демалыс секторы компанияларының, сондай-ақ үй тауарларының акцияларының арқасында 0,6%-ға, яғни 450-ге дейін төмендеді. Германияның 10 жылдық облигациялары бойынша кірістілік қыркүйек айының соңына қарай 2,8%-ға дейін өсті, бұл 2011 жылдың шілдесінен бергі ең жоғары көрсеткіш еді.

Жапония. Nikkei 225 индексі сейсенбіде 32 400-ден 1%-ға төмендеп, алдыңғы сессияның жетістіктерін теңестірді. Барлық : Tokyo Electron (-2,7%), Advantest (-2%) және Kobe Steel (-1,9%) сынды секторлар айтарлықтай шығынға ұшырады.

Қытай. Shanghai Composite индексі сейсенбідегі аралас саудада 0,3%-ға, яғни 3 105-ке дейін төмендеді. Kunlun Tech (7,3%), CIG Shanghai (4,8%) және Seres Group (4,2%) акциялары өсті, ал HWA create (-10%), Shanghai Zhangjiang (-4,8%) және Сontemporary Amperex (-1,7%) акциялары төмендеді.

Ресей. Мәскеу биржасының индексі дүйсенбіде 0,12%-ға, 3 045,39-ға, дейін төмендеді.

Тауар нарығы

Сейсенбі күні, таңертеңгі сауда-саттық қорытындысы бойынша Brent маркалы
мұнайға баға белгілеулер құбылды. Аталмыш мұнай барреліне 9 93,01, WTI-
барреліне 8 89,45 болды.

Валюта нарығы

DXY доллар индексі сейсенбі күні таңертеңгі сауда-саттықта 106,03 пункт
деңгейінде сатылады.

Сондай-ақ оқыңыз