Биыл төтенше жағдай салдарынан 495 адам қаза тауып, 9,2 млрд теңге шығын келген

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Жыл басынан бері Қазақстандағы төтенше жағдай салдарынан 495 адам қайтыс болған. Материалдық шығын 9 млрд 170 млн теңгені құрады. 8 айда 8 мыңнан астам төтенше жағдай орын алған. Төтенше жағдайлар Министрі Сырым Шәріпханов Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеті кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Бөлімшелер 9 мыңға жуық адамды құтқарған. ТЖ аймағынан 9 мыңнан астам адам эвакуацияланып, зардап шеккендерге 3,5 мыңнан астам алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Министрдің айтуынша, Абай, Қостанай, Шығыс Қазақстан облысынлағы өрт, АрселорМиттал шахталарында болған қайғылы оқиғалар төтенше жағдайды реттеуді бірқатар түйкілді мәселе бар екенін көрсеткен.

«Қазіргі уақытта министрліктің барлық әлеуеті оларды шешуге бағытталған.Атап айтқанда, Қауіпсіздік Кеңесімен, Үкімет аппаратымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп өрттерге ден қою алгоритмі әзірленді», деді министр.

Сонымен қатар, Үкімет қаулысымен Жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілген. ТЖМ мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі арасында орман өрттерінің туындағаны туралы хабарларға ден қою бөлігінде келісім бекітілді.

Сонымен қатар, министрлік Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі міндеттер кешенін іске асырады

Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау үшін республикалық бюджеттен 16 млрд теңге бөлінген.

Биыл Қазақстанда ірі төтенше жағдайлар көп болды. Шығыста орман өртеніп, 14 орманшы қаза тапты.

Теміртаудағы «Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан 5 кенші опат болды.

Жамбыл облысының бірнеше ауданында қуаңшылықтан шаруалар үлкен шығынға ұшырап, аймақта тқтенше жағдай жарияланды.

Ол үшін республикалық бюджеттен 16 млрд-тан астам теңге бөлінді.

Сондай-ақ оқыңыз