фото: kursiv.media
Жоғары аудиторлық палата Kazakh Tourism ҰҚ -ның қазақстандық туризмді ілгерілету жөніндегі міндеттерді іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын есепке салды. Нәтижесінде, жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын заңбұзушылықты анықтаған еді. Редакциямызға бұған қатысты «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ өкілдерінен арнайы хат келді. Компания өкілдері мемлекеттік аудит қорытындыларына қатысты түсініктеме беріп, қарсы уәж айтады.
Редакциямызға жолданған хатта кемшіліктердің «бюджет қаражатын жымқыруға» еш қатысы жоқ екені айғақталған:
«Анықталған кемшіліктер негізінен процедуралық сипатта болатындығын ескеріңіз. Бұл ретте бюджет қаражатын ұрлау және ысырап ету фактілері жоқ» – деп жауап береді компания өкілдері.
Кейіннен компания аудиторлық палата айқындаған сомаға қатысты жеке дара тоқталады. Алдымен 919,4 млн теңге сомасына пара-пар активтерді тиімсіз пайдалануға қатысты түсінік беріледі:
Бұл активтер деп соңғы 4 жылда әзірленген цифрлық жүйелер мен бейнематериалдарды қарастыру үшін қолданылып жатыр. Ал пайдаға аспағаны ҚР Туризм және спорт министрлігінің теңгеріміне түседі.
Қазір аудиторлардың ұсынысы бойынша Цифрлық жобаларды ұлттық компаниядан Министрліктің балансына беру процесі жүріп жатқандығы қатар айтылады.
Мұнымен қоса, «Kazakh Tourism» компаниясының 546,9 млн теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау «айыбына» қатысты да өз айтары бар.
Соманың жартысынан астамы (296 млн.теңге) цифрлық жүйелердің жұмысын жүйелі түрде ұсауға жұмсалды (2023 ж.). Аудиторлар ұлттық компанияның балансында болған техникалық тізбектерді есептемеуі керек еді. Ал негізгі қаражат ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу үшін кәдеге асты. Мысалы, қаржы шетелдік туристерді сағат сайын тіркейтін eQonaq-тың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажет болды, – делінген түсініктемеде.
Жауапта елдегі туристік аймақтардың атын шығару жолында бірқатар әлеуметтік желілерге жүгінудің пайдаға аспайтындығы да айтылады. Мысалы, компанияға сенсек, Қытайдың әлеуметтік желілері – тиімсіз, себебі Wiebo және Wechat аккаунттары эпизодтық түрде (2020-2021 жылдары) жүргізіліп жатыр. Елді таныту – Қазақстандағы бюджеттік жоспарлау мен сатып алу рәсімдерінің ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Жобаларды үздіксіз жүргізу үшін үздіксіз қаржыландыру қажет.
Естеріңізде болса, жоғарғы аудиторлық Палата компания қызметінің құны 76,7 млн теңгеге негізсіз артқанын да хабарлаған. Компания тарабы туризм ісіндегі ақпараттық жүйелерді дамыту үшін мұндай қаржының қажет болғанын мәлімдейді. Дегенмен жұмыстарды қысқа мерзімде сапалы орындау үшін жоспарланған мерзімге қарағанда көбірек ресурстар талап етілетіні туралы Ұлттық компанияның дәлелдерінің қабылданбағанын айтады.
4,3 млн теңге мөлшерінде негізсіз жалақы төлемдеріне келгенде компания өз кінәсін мойындағандай. Жауапта мұндай қаражаттың іссапар үшін төленгені дәйектеледі. Кейіннен іс жүзінде авиабилеттерді сатып алу, визаларды ресімдеу және т.б. бойынша шығынға ұшырағанына қарамастан, барлық сома аудиторлардың талабы бойынша қалпына келтірілген.
Реті келгенде айта кетейік, жоғары аудиторлық Палата «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ-сына есептік тексеріс жүргізді. Қаражатты пайдалану аудитінің қорытындысында бірқатар келеңсіздіктерді анықтады.
Жалпы алғанда, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1 558,6 млн. теңге болатын бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, қорытындыда:
- 919,4 млн. теңге сомасына активтерді тиімсіз пайдалану;
- 546,9 млн. теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау;
- қызметтердің құнын арттыру – 76,7 млн. теңге;
- орындалмаған жұмыс, қызмет көрсету көлемі – 11,3 млн. теңге;
- негізсіз төленген жалақы-4,3 млн. теңге шығын шыққаны айтылған еді.