25-29 қыркүйек аралығында Қазақстанның барлық мектептерінде оқу-жаттығулар өткізіліп, олардың төтенше жағдайларға дайындығы тексеріледі. Бұл жайлы Оқу ағарту министрлігің баспасөз қызметі хабарлады.
«Оқушылар, мұғалімдер және мектеп әкімшілігі өрт, жер сілкінісі және т.б. сияқты төтенше жағдайларда әрекет етуге дайын болуы керек», – делінген хабарламада.
Оқу-жаттығу барысында министрлік мектептердегі қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін бағалау үшін және оның әлсіз тұстарын анықтау үшін мониторинг жүргізеді. Осы мониторинг негізінде министрлік білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларын жақсарту үшін қажетті өзгерістер енгізетін болады.