Polymetal Ресейдегі бизнесін сатқан соң, Лондон биржасына қайта шығуы мүмкін

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: kursiv.media

Polymetal-дың бас директоры Виталий Несис компанияның ресейлік бөлігін сатқаннан кейін, акцияларын Лондонда қайта сата бастауы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Bloomberg жазды.

«Ресей активтері сатылып болған кезде, біз бұл мәселені қайта қарастырамыз мүмкін, бірақ бұл Дубайда немесе Абу-Дабиде емес, Лондонда болуы мүмкін», деп жауап берген Несис басылымға.

Ол сондай-ақ қазіргі уақытта Polymetal-дың ресейлік бизнесіне 10-нан астам компания қызығушылық танытып отырғанын айтқан.

«Тек Ресейдің инвесторлары емес, сонымен бірге Қытайдан да инвесторлар бар. Өйткені кейбір қытайлық компаниялар санкциялық тәуекелге баруға дайын», деді Несис.

Несистің айтуынша, компанияның ресейлік бизнесі қаржыландыру тұрғысынан да, басқару тұрғысынан да топтан ажырап кеткен.

«Бас директор ретінде мен ресейлік бөлімшеде не болып жатқанын мерзімді есептерден ғана көре аламын», дейді ол.

Полимтелл ресейлік активтеріне иелік ете алмауы себепті, инвестициялаудың балама нұсқаларын қарастырып жатыр. Осы ретте компания басшысы Өзбекстан мен Қырғызстандағы кейбір активтерді зерттеп жатқанын хабарлады.

29 тамызда Polymetal Лондон қор биржасының (LSE) негізгі сегментіндегі саудасын тоқтатты. Компанияны қайта тіркеуге байланысты 28 шілдеде өткен акционерлердің жалпы жиналысында делистинг туралы шешім қабылданған.

7 тамызда Полиметалл Джерси аралынан Астанаға қайта тіркеуді аяқтады. Осыдан кейін Несис Полиметалл ресейлік активтерді сату мүмкіндігін қарастырып жатқанын және түскен қаражаттың бір бөлігін Қазақстандағы жаңа кәсіпорындарға инвестициялауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, компания басшылығы алдағы екі жылда халықаралық қаржы орталығының (АХҚО, AIX) биржасындағы өз акциялары бойынша өтімділік деңгейін Лондон қор биржасында болған көрсеткіштерге дейін арттыруға ниетті екенін жеткізді.

«Polymetal»- Ресейдегі ең ірі күміс өңдірішусі және де алтын өңдірілішілердің бірі. Холдинг кәсіпорындары Магадан және Свердловск облысында , Хабаровск, Саха, Чукотка және де Қазақстанда орналасқан.  Ең ірі акционер – Александр Несис және оның серіктестері.

Сондай-ақ оқыңыз