Қазақстан арқылы Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау 1 қазаннан басталады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы

Фото: kursiv.media

Өзбекстан Ресей газын Қазақстан арқылы транзитпен импорттауды бастауға дайын. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне Өзбекстанның энергетика министрлігі хабарлаған.

«Техникалық тұрғыдан біз 1 қазаннан бастап Ресей Федерациясынан табиғи газды қабылдауға дайынбыз», – деді департаменттің баспасөз қызметінің қызметкері.

ПМЭФ-2023 аясында «Газпром» басқармасының төрағасы Алексей Миллер мен Өзбекстанның энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов Өзбекстанға ресейлік газ жеткізу туралы келісім-шарт пен республиканың газ тасымалдау жүйесін дайындау жол картасына қол қойды.

Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға экспорттау 2023 жылдың төртінші тоқсанында басталады деп жоспарланған. Екі жылдық келісімде тәулігіне 9 миллион текше метр, жылына шамамен 2,8 миллиард текше метр жеткізілетіні жазылған.

Бекітілген «Жол картасында» Өзбекстан аумағында «Орталық Азия – Орталық» газ құбыры арқылы Қазақстан арқылы транзитпен кері режимде газ жеткізу үшін жаңа газ өлшеу станцияларын салу қарастырылған. Газ айдау жабдығын күрделі жөндеуден өткізу және ауыстыру, 11 газ айдау жабдығын қалпына келтіру, 22 шақырым жаңа магистральдық газ құбырын тарту, 56 шақырым газ құбырын жөндеу жоспарланған болатын.

Биыл мамыр айында «QazaqGaz» ҰК АҚ мен «Газпром» ЖАҚ Өзбекстан Республикасының тұтынушылары үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы табиғи газды тасымалдау туралы келісімге қол қойды

Бұған дейін QazaqGaz компаниясын Ресей газы Өзбекстанға 2023 жылдың қазан айынан бастап тасымалданатынын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз