Ресейлік Сбербанк санкция бөгетіне қарамастан шетелдік қарызын «сәтті сатып жіберді»

Жарияланды

фото: kursiv.media

Батыс санкциясына түскен ресейлік «Сбербанктің» бақылауындағы «Активбизнеск Консалт» коллекторлық агенттігі (АБК) 140 миллион рубль қарызды талап ету құқығын сату бойынша сәтті мәміле жасады. Мұны:

«Сату – «уақыт өтіп» кеткендіктен жасалды. Уақыт мерзімі – он жылға дейін, ал он жылдың алдында біз талап ету құқығын шартты юрисдикциядағы үшінші тұлғаға бергенбіз», – деп түсіндірді АБК құқықтық мәселелер және GR директоры Евгения Уткина.

Нақтылай кетейік, қарыз сомасы 140 миллион рубль болды әрі 67% жеңілдікпен сатылды. АБК-нің құқықтық мәселелер және GR директоры Евгения Уткина сәтті саудаға орай «аспанға бөркін ата» қуанып:

«Бұл сәтті жағдай. Он жылға жуық кешіктіруді 67%-ға сату – миллионда бір болатын оқиға», – дейді өз сөзінде.

Оның айтуынша, талап ету құқын заңгерлер «өз үлесін арттыру мен борышкердің мүлкіне бақылау орнатуға мүдделі басқа несие берушінің бас қамы үшін» сатып алған.

Десе де, екінші жыл қатарынан санкция салмағын арқалаған ресейлік банктер халықаралық сотқа жүгінуде қиындықтарға тап болып отыр. Бірнеше халықаралық заң фирмалары Украина аумағында арнайы операция басталғаннан кейін және Ресейге қатысты санкциялардан кейін Ресей банктерін «жебеуді» тоқтатты. Сбербанк өткен жылы White & Case және Debevoise & Plimpton заң фирмаларының екі қорғаушысынан айырылды.

Естеріңізде болса, Latham & Watkins заң фирмасы да санкциялар тезіне түскен ВТБ банктің жеке қорғаушысы болудан ашық бас тартқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз