Binance жергілікті активтерді сатып алу опциясынсыз-ақ Ресей нарығынан кететінін хабарлады

Жарияланды

фото: kursiv.media

Binance крипто биржасы Ресей нарығымен қош айтысатынын хабарлады.

«Болашаққа көз жүгіртер болсақ, біз Ресейдегі жұмыстың Binance-тің сәйкестік стратегиясына лайық келмейтінін мойындаймыз», – деді Биржаның сәйкестік жөніндегі директоры Ноа Перлман.

Биржа өзінің бүкіл ресейлік бизнесін Commax компаниясына сату туралы келісім жасасқанын мәлімдеді.

«Қолданыстағы пайдаланушыларды басқа платформаға жоспарлы түрде көшіру мақсатында «өшіру процесі» бір жылға дейін созылады. Жеке деректерді тексеру процедурасынан өткен жаңа пайдаланушылар ішінара CommEX платформасына бағытталады», – делінген хабарламада.

Бір айта кетерлігі, бірнеше ай ішінде Binance Ресейдегі барлық бизнес бағыттарын жабуға оқталып отыр.

«Мәміленің қаржылық тұсы толықтай құпия болып қалса да, осы келісім аясында Binance Ресейдегі қызметін толығымен тоқтататынын атап өткен жөн. Бұрын Ресейде халықаралық компаниялар жүзеге асырған мәмілелерден мұның бірқатар айырмашылығы бар. Мысалы, Binance енді сатудан кейінгі пайданың бір бөлігін алуға және бизнестегі үлестерді кері сатып алу мүмкіндігіне ие болмайды», – делінген хабарламада.

Әзірге Commax компанияның веб-сайтындағы «біз туралы» қысқаша бөлімінде құрылтайшылар туралы қандай да бір ақпарат жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз