Елімізде 2,3 млн зейнеткер тұрады

Жарияланды

Freedom Life мамандары зерттеу жүргізіп, 65 жастан асқан адамдардың ең көп саны қай елдерде тұратынын анықтады.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанда 19,8 млн-нан астам азамат тұрады. Оның 2,3 миллионы-зейнеткерлер. 2023 жылғы жағдай бойынша ерлер 63 жастан, ал әйелдер 61 жастан бастап зейнетке шығады. 2031 жылдан бастап елімізде әйелдер 63 жастан бастап зейнетке шығады.

БҰҰ Халық бөлімінің әлемдік рейтингінде егде жастағы азаматтар саны көп елдер арасында Қазақстан 93-ші орынды иеленді (егде жастағы тұрғындардың 8,04%). 65 және одан жоғары жастағы адамдардың ең жоғары пайызы Монакода – 35,92% және Жапонияда – 29,92%, ал ең төменгісі Катарда (1,52%) тіркелген. 2022 жылғы орташа көрсеткіш 196 ел бойынша 9,9 % құрады.

Жаһандық рейтингЕл65 жастан асқан халық саны % бойынша
1Монако35,92
2Жапнония29,92
3Италия24,50
4Финляндия23,27
5Пуэрто-Рико22,93
6Португалия22,90
7Греция22,82
8Германия22,41
9Болгария22,38
10Хорватия22,36
11Латвия21,86
12Франция21,66
13Словения20,96
14Литва20,80
15Чехия20,64
16Эстония20,58
17Сербия20,56
18Дания20,49
19Гонконг20,47
20Нидерланды20,31
93Қазақстан8,04

ДДҰ мәліметтері бойынша, 2050 жылға қарай әлемде 60 жастан асқан екі миллиардқа жуық адам өмір сүреді деп болжануда, бұл 2000 жылғы көрсеткіштен үш есе жоғары.

Қартайған халық санының өсуіне байланысты денсаулық сақтау және зейнетақы шығындары артып келеді. Экономикаға жүктемені азайту үшін көптеген дамыған елдерде зейнеткерлік жас ұлғаяды және зейнетақы төлемдері азаяды.

Қазіргі уақытта ең жоғары зейнеткерлік жас Италия, Дания, Исландия, Греция сияқты елдерде. Мұнда ерлер мен әйелдер 67 жастан бастап зейнетке шығады. Израиль мен АҚШ-та ерлер де 67 жастан бастап зейнеткер болады, ал әйелдер сәйкесінше 62 және 65 жастан бастап.

Зейнетақы аннуитетінің ерекшелігі неде
Белгіленген зейнетақы жасына қарамастан, қазақстандықтардың 45 жастан кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және 55 жастан бастап зейнетақы төлемдерін алуды бастау мүмкіндігі бар.

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемі 71,5 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40,3% – ға артық.

Зейнетақы аннуитеті Қазақстанда ғана емес, басқа дамыған елдерде де танымал. Мысалы, АҚШ-та 2022 жылы осы өнім бойынша сату көлемі 310,6 миллиард долларды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 23% – ға артық. Ұлыбританияда 2021 жылы зейнетақы аннуитетін алған адамдар саны 2020 жылмен салыстырғанда 41% – ға өсті.

Сондай-ақ оқыңыз