Индонезия билігі тауар сату үшін әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салды

Жарияланды

Индонезия билігі әлеуметтік медианы тауарлар мен қызметтерді сату алаңы ретінде пайдалануға тыйым салды. Билік жергілікті компаниялардың мүдделерін қорғау мақсатында электрондық сауданы реттеу бойынша жұмысты жалғастырады, деп хабарлайды CNBC.

Бірнеше күн бұрын ел президенті Джоко Видодо Индонезиядағы микро, шағын және орта бизнестің сатылымына теріс әсер ететін көптеген түрлі, соның ішінде шетелдік тауарларды сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік желілердің бәсекелестігі туралы айтты.

Citi сарапшыларының пікірінше, билік енгізген тыйым электрондық коммерцияға маманданған жергілікті компаниялар үшін, сондай – ақ аймақтағы интернет-сауда саласындағы жетекші ойыншылардың бірі сингапурлық Shopee үшін жақсы жаңалық болады.

Жаңа шектеулер TikTok-қа қатты әсер етеді деп күтілуде. Елдегі платформаның аудиториясы 113 миллион пайдаланушыны құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз