Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері бірнеше күн жұмыс істемейді

Жарияланды
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттері жұмыс істемейді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

 «Қытай Халық Республикасындағы мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 29 қыркүйекте және 1-3 қазан аралығында қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

      Бірақ қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

      Тасымалдаушыларды және шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді демалыс күндерін ескере отырып, өз бағыттарын алдын-ала жоспарлауды сұраймыз»-делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз