Ақпараттық қауіпсіздік комитеті ескертеді: цифрлық гигиена және жеке деректерді қорғау
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік комитеті цифрлық гигиена мен жеке деректерді қорғау бойынша бірқатар ұсынымдарды әзірледі. ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықовтың қарапайым қолданушыларға кеңесін аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Цифрлық гигиена – бұл Интернетте қауіпсіздікті сақтауға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар жиынтығы. Төменде деректерді қорғауға көмектесетін бірнеше қарапайым кеңестер ұсынылған:
1. Күрделі құпия сөздерді қолданыңыз және әртүрлі аккаунттарға бірдей құпия сөзді пайдаланбаңыз. Бұл сіздің жеке ақпаратыңызға рұқсатсыз кірудің алдын алуға көмектеседі.
2. Өз құрылғыларыңыздағы бағдарламалық жасақтаманы жаңартыңыз, өйткені жаңа нұсқаларда осалдық тұстарды түзету жиі кездеседі. Бұл сізді хакерлердің ықтимал шабуылдарынан қорғайды.
3. Күдік келтіретін хабарламаларға жауап бермеңіз және бейтаныс жіберушілердің сілтемелерін ашпаңыз. Бұл сіздің құрылғыңызда зиянды бағдарламалардың орнатылуына әкеліп соғуы мүмкін.
4. Вирустардан және басқа да қауіптерден қорғау үшін антивирустық бағдарламалық жасақтаманы пайдаланыңыз. Бұл сіздің құрылғыңызды зиянды бағдарламалардан қорғауға көмектеседі.
5. Жеке ақпаратыңызды бейтаныс сайттар мен қосымшаларға сеніп, жібермеңіз. Жеке ақпаратты ұсынар алдында сайттар мен қосымшаларды мұқият тексеріңіз.
6. Өз аккаунттарыңызды қорғау үшін екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз. Бұл сіздің акканттарыңызға рұқсатсыз кірудің алдын алуға көмектеседі.
7.Әлеуметтік желілерде және басқа да онлайн-сервистерде құпиялылық тетігінің орнатылғанын тексеріңіз. Бұл сіздің жеке ақпаратыңыздың тек өзіңіз жіберген адамдарға ғана қолжетімді екендігіне көз жеткізуге көмектеседі.
Бұған дейін, Мәжілісте ақпараттық қауіпсіздік мәселесі талқыланды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын жетілдіру қаралған еді.
Осы жиында депутат Никита Шаталов күні кеше ғана әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың жеке деректеріне рұқсатсыз қол жеткізгені туралы ақпарат тарады. Қазақстандықтардың ЖСН нөмірі, мекенжайы шетелдік телеграм ботқа тарап кеткенін айтқан еді.
Ал, осы отырысқа қатысқан Цифрлық даму министрлігінің өкілі:
«Ол ескі ақпараттарды пайдалануы мүмкін деп болжаймыз. Сондай-ақ хакерлер тамақ жеткізу сынды курьерлік сервистердің деректерін пайдалануы мүмкін. Қазіргі таңда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы мәселе бойынша барлық мән-жайларды анықтау жұмыстарын жүргізуде, сондай-ақ әкімшілік іс қозғау мәселесін қарау үшін деректер жинап жатыр», деп жауап берген еді