Жаңалықтар

Зейнетақы жүйесіне сенім төмен: БЖЗҚ-да табысты инвестициялық стратегия болуы тиіс

ЕНПФ
Фото: Аскар Ахметуллин

Қазіргі кезде қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімі аз. Оған кейінгі жылдары азаматтардың БЖЗҚ-дан алған қаржысы дәлел. Сондықтан БЖЗҚ тек зейнетақы жинақтары өз есепшотында жинайтын есеп орталығы емес, азаматтарды зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыратын әлеуметтік институт ретінде жұмыс істеуі тиіс. Бұл туралы БЖЗҚ туралы конференция барысында оқылған Премьер-министр Әлихан Смайыловтың құттықтау хатында айтылды. Оны Премьер-минитрдің орынбасары Тамара Дүйсенова оқып берді.

«Бұл бағыттағы жұмыстың әлсіздігін адамдардың саны мен БЖЗҚ-дан алған қаражатының көлемі көрсетті. Сондықтан барлық әлеуметтік институттардың жұмысын қайта бастау қажет. Бұл ең алдымен БЖЗҚ-ға қатысты. Қорға азаматтардың зейнетақы жинақтарын өз шоттарында жинақтайтын есеп орталығы ғана болу жеткіліксіз. Ол жұмысы азаматтарды зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыруға бағытталған әлеуметтік институт ретінде, сол сияқты азаматтардың қаржы институты болашақта оларды зейнетақы төлемдерінің барабар мөлшерімен қамтамасыз ету үшін біздің азаматтарымыздың жинақтарын көбейтуге мүмкіндік беретін жоғары табысты инвестициялық стратегия болуға тиіс», – делінген хатта.

Биыл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 25 жыл толды. БЖЗҚ-дағы жинақтардың жалпы сомасы 16 трлн теңгеден асты. Әлеуметтік кодекстің қабылдануымен жүйенің үшінші субъектісі пайда болды. 2024 жылдан олар өз қызметкерлерінің пайдасына аударым жасай бастайды. Осылайша көп деңгейлі ұлттық зейнетақы жүйесі құрылған.

Дегенмен зейнетақы жүйесінің түйткілді мәселелері баршылық.

«Біріншіден, бұл демографиялық өзгерістерге қатысты. Болжам бойынша 2030 жылға қарай зейнеткерлердің саны 30 %-ға артып, 3 млн-ға жетеді. Алайда, жүйенің құрылған уақытының аз болуына байланысты жинақтаушы зейнетақының мөлшері айтарлықтай көп емес. Осыған байланысты Әлеуметтік кодекс шеңберінде мемлекет есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайтуды көздейтін параметрлік өзгерістер қарастырылған.Осылайша, мемлекет мемлекеттік жүйеден көп деңгейлі жүйеге өту кезеңінде азаматтарымызды зейнетақымен қамсыздандыру үшін жауапкершілікті өз мойнына алды»,- делінген хатта.

Тағы бір мәселе – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту толық шешілмеген.

«Осы санаттағы азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету үшін ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша «тәуелсіз қызметкер» ұғымы енгізілді, платформалық жұмыспен қамтуды реттеу тетіктері айқындалды. Бұл 500 мыңнан астам азаматтың еңбегін заңдастыруға және оларға әлеуметтік қамсыздандыруға, оның ішінде зейнетақыға құқық алуға мүмкіндік береді деп күтеміз», – дейді Премьер-министр.

Үшіншіден, зейнетақы жинақтарының кірістілігі мәселелері өзекті болып отыр.

«Біз зейнетақының көп бөлігі ЖЗҚ-дан төленетін кезеңге жақындап қалдық.
Зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру талап етіледі. Осы мақсатта БЖЗҚ салымшыларына неғұрлым жоғары инвестициялық кірістілік алу мақсатында өз жинақтарының 50 %-на дейін инвестициялаудың баламалы саясатын таңдау арқылы өздерінің зейнетақы жинақтарын басқаруға қатысу құқығы берілді.
Қазақстан заңнамалық деңгейде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының сақталу кепілдігін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді өз мойнына алған жалғыз ел екенін айта кеткен жөн. Азаматтар жинақтарды жеке басқаруға берген кезде зейнетақы жинақтарының сақталуын оларды басқаруды жүзеге асыратын компаниялар қамтамасыз ететін болады», -делінген хатта.

Осылайша, тараптар мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін жүйенің барлық қатысушыларының жауапкершілігі қарастырылды.

Зейнетақы қорынан жыл басынан бері мерзімінен бұрын 47 млрд теңге алынған.

Жақында зейнетақы жинағына сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі бекітілді.

БЖЗҚ бойынша 2023 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық кіріс 782,3 млрд теңгені құрады