СҚО-дағы «Аграрлық несие корпорациясының» басшысы парамен ұсталды

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының басшысы ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі.

«Бизнеске жол» жобасын іске асыру шеңберінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының басшысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бірнеше рет 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейін пара алды деп күдіктеледі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ақшалай қаражат ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде бөлінетін кредиттік қарыздарды беру мәселесін оң және кедергісіз шешу үшін беріліп отырған.

Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыз