Қазақстанның Көлік министрлігі Қазақстанда inDrive және Yandex жеке автотасымалдаушыларына шектеу қоюды жоспарлап отыр.
«Елімізде InDriver және Яндекс қосымшалары пайда болғалы, бұл сала тез дамып кетті. Өкінішке қарай олардың жүргізушілері жылдамдық шектеулерін және демалыс кестесін сақтамайды. Олар күніне 9 сағаттан артық жұмыс істемеуі керек. Олар бұл мүмкіндікті теріс пайдаланып, нәтижесінде қырғалығынан айырылып жатады. Елімізде жол-көлік оқиғаларының 35 пайызы дәл осындай жағдайлардың кесірінен болады. Бізде заңсыз тасымалдаушылармен күресудің жол картасы бар. Оның ішінде inDriver және Яндекс бағдарламалық қосымшалары да бар», дейді Көлік министрлігі Көлік комитетінің басшысы Алтай Әли.
Оның айтуынша, жол картасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылады. Онда жылдамдықты шектеу, күнделікті жұмыс уақытына шектеу мәселесі басты назарға алынбақ.
«Біз орташа жылдамдықты бақылайтын боламыз. Мәселен, жүргізушілер Қарағандыдан Астанаға бір сағатта жете алмайды. Иә, біз мұның адамдарға ыңғайлы екенін жасырмаймыз, бірақ бұл үшін жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ Тасымалдаушылар 8 сағаттан артық жұмыс істей алмайды яғни басқа уақытта тапсырыс қабылдай алмайды», деді комитет басшысы.