Кеңес Рақышевқа тиесілі «Fincraft Group» тобына енетін (үлесі 76%) «Fincraft Resources» АҚ мұнай-газ саласындағы «ARK Petroleum» ЖШС-нің 50%-ына иелік ететін болды. Бұл туралы ақпарат Қазақстан қор биржасына ұсынылды.
eGov-порталындағы ақпаратқа сәйкес, биыл 16 маусымда ғана мемлекеттік тіркеуден өткен, шикі мұнай мен ілеспе газ өндіретін «ARK Petroleum» ЖШС-нің құрылтайшысы енді үшеу болды. «Fincraft Resources» АҚ мен қатар «Proxymunai» ЖШС және Асамбаев Рахман Валиханұлы.
«Proxymunai» ЖШС құрылтайшылары белгілі спортшы Серік Қонақбаевтың балалары: Аманат пен Аяла Қонақбаевтар.
Айта кетейік, құрылғанына үш айдан енді асқан «ARK Petroleum» ЖШС биыл шілде айында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысып үлгерді.
Нәтижесінде Маңғыстау облысындағы «Шалва» кен орнында барлау жүргізу құқын жеңіп алды. Аукцион бойынша қорытынды 283 млн теңгені құрады деп жазады, Орда басылымы.
«Fincraft Resources» АҚ арқылы Кеңес Рақышев, сонымен қатар BMT Holding Limited жеке компаниясы (100%), «SAT Nikel» ЖШС (100%), «Ертіс ферроникель комбинаты» ЖШС (93,4%), SAT Petrochemicals (100%), «Центрально-Азиятская инвестиционно-консалтинговая компания» ЖШС (99,9%) компанияларына иелік етеді.