Елімізде цифрлық майнерлер мен цифрлық майнинг пулдарының кірісіне салық салынады

Жарияланды

фото: workflowsoft

Салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнинг пулдарының кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізілді. Енді «диджитал қазба кеншілері» өз табысы туралы мәлімет ұсынуы тиіс. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

Бұйрықтан байқағанымыздай, бөлінген цифрлық активтердің саны және майнингтік пулдар комиссиясы туралы мәліметтер салық салу үшін қолданылмақ. Алдымен майнерлердің табысы айқындалады. Ай сайын ұсынуы қажет деректерде цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға тән цифрлық активтер көрсетіледі.

Дегенмен, цифрлық активтерді нақтылауда бұл үрдісті жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты деректер де маңызды. Мысалы, цифрлық кеншінің атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, лицензия нөмірі мен оның берілген күні, цифрлық электрондық әмиянның деректемелері сынды мәліметтер ұсынылады. Атап айтқанда:

1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі;

2-бағанда цифрлық кеншінің атауы көрсетіледі;

3-бағанда цифрлық кеншінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

4-бағанда цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның нөмірі және оның берілген күні көрсетіледі;

5-бағанда цифрлық электрондық әмиянның деректемелері (мекенжайы) көрсетіледі;

6-бағанда қамтамасыз етілмеген цифрлық активті бөлу күні көрсетіледі;

7-бағанда цифрлық кеншіге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің атауы көрсетіледі;

8-бағанда цифрлық кеншіге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің саны көрсетіледі;

9-бағанда цифрлық активтерде көрсетілген майнингтік пулдың комиссиясы көрсетіледі;

10-бағанда қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің атауы көрсетіледі; 11-бағанда саны көрсетіледі.

Сандық активтер қалай сатылады?

Диджитал сауда-саттық «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асады. «Астана» халықаралық қаржы орталығының лицензиясын алған цифрлық актив биржалары ғана бұл үрдісті жүзеге асыра алады. Цифрлық активтердің саны ұсынылған мәліметтерге сәйкес айқындалады.

Нақтылай өтейік, егер майнер өз активін сатқысы келсе, оны «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген криптобиржа арқылы ғана сатылымға шығара алады. Цифрлық активтер Қазақстан Республикасының аумағында өндірілуі тиіс (цифрлық майнинг арқылы).

Құжатта сатылымға шығарылатын нақты активтердің мөлшері де айқындалған. Мәселен, дерек кеншісі цифрлық активтерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде елу пайыз, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап кемі жетпіс бес пайыз сатуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз