«Квазимемлекеттік сектордағы компанияларға бәсекені ортаға беру керек» – ҰЭМ басшысы

Жарияланды

Экономика зерттеулер институтында Дүниежүзілік банк Қазақстанның мемлекеттік қаржысына шолу бойынша есебін таныстырды. Іс-шараға Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Парламента Мәжілісінің депутаты, бизнес қоғамдастық өкілдері мен сарапшылар қатысты. Бұл туралы ҚР  Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Есепте 7 бағыт бойынша талдау жасалып, ұсыныстар берілген:

бюджет-салық саясатының негіздері

квазифискалдық қызмет

салық саясатының тиімділігі

білім беру, әлеуметтік шығындар

бюджет және жоспарлау

бюджетаралық қатынастар

ДБ ҚР-да жүргізіліп жатқан экономикилық рефорамың тиімділігін атап өтті. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің сарапшылары одан әрі пысықтауды қажет ететін олқылықтарды айтты. Атап айтқанда, бюджеттік аспект, секторы шоғырландыру, салық салудың ынталандырушы рөлін күшейту және бюджетаралық қатынастардың ашықтығы.

Жаңа Бюджет кодексін әзірлеу шеңберінде бұл мәселелер көрініс тапты. Бұл квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджетпен өзара қарым-қатынасы бөлігіндегі қызметін реттеу , олардың міндеттемелерін шоғырландыру, бюджеттен тыс қорлардың түсімдері мен шығыстарын есепке алу.

«Біздің міндетіміз – компаниялар дивидендтер төлеуі үшін квазимемлекеттік секторының тиімділігін арттыру. Оларды мүмкіндігінше бәсекелестік ортаға беру керек. Екінші жағынан, ҚТЖ сияқты стратегиялықркомпаниялар бар. Оларды бесекелестік ортаға сатуға болмайды. Халықтық IPO арқылы ишінара беруге болады. Компанияның тімділігі – бір мәселе. Барлық квазимемлекеттік сектордың шоғырландырылған бюджеті жаңа бюджет кодекс шеңберінде қараудамыз.  Жалпы, БЖЗҚ, МӘМС, Ұлттық қор және т.б. сияқты бюджеттен тыс қорлардың тиімділігі де қадағалауда болуы тиіс деп санаймын», – деді ҰЭМ басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз