Мәскеу Қазақстанның үшінші елдермен қарым-қатынасына араласпайтынын мәлімдеді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Мәскеу Қазақстанның үшінші елдермен қарым-қатынасына араласпайтынын мәлімдеді және мұның Астанамен экономикалық қарым-қатынасына жағымсыз сыртқы әсері болмайтынына сенім білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапары барысында Қазақстанның санкция режимін мүлтіксіз сақтайтынын мәлімдеп, санкия режимін сақтау жөнінде тиісті ұйымдармен ұдайы байланысып отыратынын мәлімдеген болатын. Президенттің бұл мәлімдемесіне Ресей Сртқы істер министрлігі былай деп жауап берді.

«Біз Қазақстан Республикасының үшінші елдермен қарым-қатынасына араласпаймыз, сонымен бірге біз Мәскеу мен Астана арасында кешенді стратегиялық және одақтастық қарым-қатынасқа құрылған стратегиялық өзара келісім бар», деді.

Ресей Сыртық істер министрлігі екі тараптың – саясат пен қауіпсіздік, сауда, инвестиция және басқа да көптеген салаларда берік қарым-қатынс орнатқанын мәлімдеді.

«Біз тату көршілік байланыстарымызға, оның ішінде өте ауқымды және екі елге де үлкен пайда әкелетін және халық мүддесіне сай келетін, сауда-экономикалық ынтымақтастықты қоса алғанда, теріс сыртқы әсерлердің алдын алу үшін қазақстандық әріптестерімізбен тиімді жұмыс істейміз деп күтеміз», деп жауап берді СІМ өкілі.

Сондай-ақ оқыңыз