AltynGold Plc Қазақстандағы алтын өндірісін 15%-ға төмендеткен
фото: kursiv.media
AltynGold Plc 2023 жылдың І жартыжылдығында алтын өндірісін 15%-ға төмендетті. Өндіріс көрсеткішіне қатысты ақпаратты «Интерфакс» хабарлады.
Компанияның хабарлауынша, AltynGold Plc тау-кен компаниясы 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында 14,440 мың унция алтын өндірген.
Есепті кезеңде кен өндіру 331,183 мың тонна болды, бұл 2022 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 19%-ға артық.
Есепті кезеңде 14,284 мың унция алтын сатылды, көрсеткіш 2022 жылдың І жартыжылдығынан (17,542 мың унция) 18,6%-ға төмен.
Айта кетерлігі, AltynGold-тың негізгі активтері ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы Секисовское және Тереңсай алтын кен орындары саналады.
AltynGold Plc деректері бойынша, компанияныңнегізгі акционері Асаубаевтар отбасының мүдделерін білдіретін African Resources Limited компаниясы (бұрынғы KazakhGold иелері). Олардың қолында 65,6% үлес бар. Ал компанияның 5,6% үлесі Freedom Finance компаниясына тиесілі. Қазір AltynGold Plc қағаздары LSE-де сатылады.
AltynGold plc – Қазақстан Республикасының аумағындағы ең ірі алтын өндірушілердің бірі. Қазақстан Республикасында активтері бар алтынды өндірумен, барлаумен және игерумен айналысады. Компания 1997 жылы құрылған. Лондонда (Ұлыбритания) тіркелген және арнайы штаб-пәтері бар.
Естеріңізде болса, Қазақстанда алтын қорының көрсеткіші азайғанын да бұрын жазған едік. Қазақстанның алтын қоры 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 49,91 тоннаға кеміп, шілдеде 309,66 тоннаға тең болды.