Қазақстанда жеке куәліктің көшірмесін жасауға тиым салынбақ

Жарияланды
Фото: freepik және shutterstock

Қазақстан азаматтарының жеке куәлігінің көшірмесін жасап, жасауға тыйым салатын норма қалай жұмыс істейтіні туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков айтты. Бұл норма «Ақпараттық қауіпсіздік туралы» заң жобасында көрсетілген.

Вице-министр енді азаматтың жеке куәлігі көшірмесі талап етілмейтінін атап өтті. Себебі құжаттың өзін көрсетіп, одан қажетті деректерді көшіріп алса, жеткілікті. Шенеунік бұл норманың куәліктің қағаз көшірмесі ғана емес, цифрлық көшірмесіне де қатысты екенін түсіндірді.

«Мәселе мынада, қазір бұл мәселе нақты реттелмеген. Алайда қазір депутаттар ұсынып отырған жобада көшірме жасауға тыйым салынбақ. Әрине, көшірме жасауға рұқсат етілген ерекше жағдайлар бар», – деді Мәлік Олжабеков.

Ол интернет байланысы болмаса немесе бейрезиденттерге қатысты жеке куәліктердің көшірмесін сұрауға болатын ерекше жағдайлар бар екенін айтты.

Ақпараттық қауіпсіздік туралы заң жобасын Мәжіліс 26 қыркүйекте бірінші оқылымда қабылдады. Заң азаматтардың дербес деректерін және «электрондық үкімет» жүйесінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді теріс пайдалану мен таратудан қорғауға бағытталған.

Бұл заң жобасында 12 заңға төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады:

— «жеке деректер қауіпсіздігін бұзу» дегеніміз не екенін анықтау;

— дербес деректерді қорғау жөніндегі уәкілетті органға дербес деректер және оларды қорғау туралы заңдардың қалай сақталатынын тексеруге құқық беру;

— басқа заңдармен рұқсат етілмесе, төлқұжаттардың және жеке басын растайтын басқа да құжаттардың қағаз көшірмелерін жинауға және өңдеуге тыйым салу.

Бұған дейін Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтардың жеке деректерін тарататын Telegram боттарын бұғаттау шаралары қабылданып жатқанын, сондай-ақ жақында Қазақстанда Яндекс домені бұғатталғанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз