Жаңалықтар

Қазақстанның алтын қоры 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында біршама кеміген

фото: kursiv.media

Қазақстанның алтын қоры 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 49,91 тоннаға кеміп, шілдеде 309,66 тоннаны құрады, деп хабарлайды goldomania порталы.

2023 жылдың басында ТМД елдерінің (Балтық елдерін қоспағанда) мемлекеттік резервіндегі алтынның жиынтық үлес көлемі – 3145,85 тонна болды. Бұл әлемдегі халықаралық резервтерде сақталатын жалпы алтын көлемінің шамамен 8,98%-ына тең.

Орталық Азиядағы ең ірі монетарлық алтын қоры – Өзбекстанда – 377,2 тоннадан астам. Қазақстанның алтын қоры 313,5 тоннадан асады, ал Қырғызстанның алтын қоры шамамен 16,7 тонна болады.

Айта кетерлігі, Өзбекстан мен Қазақстанның алтын қорлары биыл бірінші жартыжылдығында тиісінше 18,6 тоннаға және 46 тоннаға қысқарған, ал Қырғызстанның алтын қоры, керісінше, 6,5 тоннаға ұлғайды.

Сондай-ақ, порталда Ресейдің (3,2 мың тоннадан астам), Беларусьтің (53,6 тонна) және Украинаның (27 тонна) алтын резервтері бойынша деректер келтірілген. Алтын қоры бойынша Ресей әлемдік көшбасшылардың бестігіне кіретіні айтылады.

Яғни, Ресей АҚШ (8,1 мың тонна) және ГФР-дан (3,4 мың тонна), Италия (2,5 мың тонна), Франция (2,4 мың тонна) кейінгі сатыда алтынға бай ел саналады.

WGC мәліметтері бойынша, осы жылдың 5 қыркүйегінде елдің алтын қоры 309,7 тоннаны құрады, ал 1 тамызда – 313,5 тонна болды. Бір айда бұл көлем 3,8 тоннаға қысқарды.

Қазақстан әлемдік тізімде 17-ші орынға төмендеді (ХВҚ мен ЕОБ есебінсіз) және Ұлыбритания (310,3 тонна) мен Польша (299,5 тонна) арасында орналасқан.

Көшбасшылар әлі де АҚШ (8,1 мың тонна), Германия (3,3 мың тонна), Италия (2,45 мың тонна), Франция (2,43 мың тонна) және Ресей (2,3 мың тонна) болып табылады.

Ұлттық банктің сайтында бір грамм алтынның құны 29,2 мың теңгеге жетеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банкте ағымдағы жылы резервтердегі қымбат металдың үлесі 50-55%-ға дейін қысқаратыны хабарланған болатын.