Жаңалықтар

«Қазатомөнеркәсіп» сұраныстың өсуі аясында 2025 жылы уран өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ 2025 жылға арналған өзінің өндіріс бөлігіндегі стратегиясы туралы хабарлайды. Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі Компанияның 2025 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде жоспарланған өндіріс көлемін 100%-ға дейін ұлғайту жөніндегі стратегиясын мақұлдады. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» баспасөз қызметі.

«Қазатомөнеркәсіп нарыққа бағдарланған стратегияны және өндіріс пен сату мәселелеріндегі тәртіпті тәсілді ұстанады, сондай-ақ, біз уран нарығында көптен күткен тарихи оң өзгерістің басталғанына куә болғанымызға қуаныштымыз, – Компанияның коммерция жөніндегі бас директоры Дастан Көшербаев деді.

«Біздің нарыққа бағытталған стратегиямызға сәйкес, 2025 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірістің 100% деңгейіне оралу ниетіміз ең алдымен келісімшарттардың мықты портфеліне және 2023-2024 жылдарға арналған консервативті өндіру сценарийлері кезінде өндіріс көлемінен асып түсетін сату көлемінің өсуіне байланысты.Компанияның келісімшарттарының қазіргі портфелі 2025 жылдың қосымша көлемі нарықтық сұраныспен бекітіліп, Қазатомөнеркәсіптің жеткізу бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауға бағытталатынына сенімділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді»-деді ол.

Компания жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өз рөлін түсінеді және жоғары бағалайды. Жалғасып жатқан геосаяси белгісіздік және онымен байланысты тәуекелдер жағдайында Қазатомөнеркәсіп табиғи уранды сенімді жеткізуші ретіндегі өзінің көшбасшылық ұстанымын толық көлемде сақтай алады және энергия компанияларының ESG әлемдік стандарттарына сәйкес келетін тәуекел деңгейі төмен юрисдикциялардан уран жеткізу көздерін әртараптандырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге дайын».

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірістің 100% деңгейіне оралу туралы шешім, ең алдымен Компания уран нарығының жақсарып келе жатқан конъюнктурасы аясында жаңа және қолданыстағы клиенттермен орта мерзімді және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуды жалғастыратындығымен байланысты. 2025 жылғы өндірістің қосымша көлемі Компанияның 2025 жылы және одан әрі жеткізу жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерін орындауға бағытталатын болады.

Бұл шешімді іске асыру Компанияның 2024 жылға жоспарланған өндіріс көлемімен салыстырғанда 2025 жылы әлемдік бастапқы уран өндірісінің болжамды деңгейін 6 000 тоннаға дейін ұлғайтуға әкеледі деп күтілуде. 2025 жылға арналған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірістің жалпы көлемінің 100% – на жетіп, 2025 жылы Қазатомөнеркәсіптің өндіріс көлемі, осылайша, 30 500 – 31 500 тонна уран (100% негізде) деңгейде күтілуде.

 Естеріңізде болса, Уран бағасы көтерілген шақта «ҚазАтомӨнеркәсіпке» жаңа басшы тағайындалды.