Тозған банкнота да, зақымдалған монета да заңды төлем құралы – Ұлттық банк
Қазақстан Ұлттық банкі тозған банкноталар мен зақымдалған монеталар заңды төлем құралы болып қала беретінін ескертеді. Тозған банкноталар мен зақымдалған монеталарды айырбастау ережелеріне сәйкес, оларды еліміздің екінші деңгейлі банктерінде және «Казпоштада» айырбастауға болады.
«Қазақстан Ұлттық Банкі тозған банкноталар мен зақымдалған монеталар заңды төлем құралы болып қала беретінін ескертеді. Оларды екінші деңгейлі барлық банкте, ҚҰБ филиалдарында және ұлттық пошта операторы «Қазпошта» АҚ-да номиналды құнына сай айырбастауға болады», делінген хабарламада.
Дегенмен, екінші деңгейлі банктер өздерінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, қызметтің бұл түріне комиссия ұстауға құқылы екенін ескертеді. Ал Ұлттық валютаның зақымдалған төлем ақша белгілері ҚҰБ филиалдарында тегін айырбасталады және сомасына шектеу қойылмайды.
ҚҰБ филиалдарының мекен-жайы мен байланыс деректерін банктің ресми сатынан табуға болады.