Қазақстан әлемдегі №1 уран өндірусіші ретінде МАГАТЭ-ге өз талабын мақұлдатты – Bloomberg
фото: kursiv.media
Әлемдегі уран өндірісінің алпауына айналған Қазақстан Республикасы ядролық отынның халықаралық саудасын реттеу бойынша басқа 160 елдің құқықтарын иемденуде бірқатар жеңістерге жетті. Бұл жайлы Bloomberg хабарлады.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің мүшелері жұма күні Орталық Азия елдері және қазіргі уақытта Венада орналасқан реттеуші органның Басқарушылар кеңесінің құрамынан шығарылған 16 басқа елдің ауыр жағдайын зерттеу мәселесін қарастырды.
Басылымның жазуынша, әлемдік уранның бестен екісінен астамын өндіретін Қазақстан өткен айда болған келеңсіз жағдайды түзеу үшін заңды талап қойған.
Бұған қатысты:
МАГАТЭ Бас конференциясында қабылданған қарар «әділдікті қалпына келтірудің алғашқы қадамы», деп мәлімдеді Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров.
Басылым Қазақстан талабын негізге ала отырып агенттіктің бірқатар шешім шығаруы тиіс екенін айтады. Яғни, жарна төлейтін барлық мүшелердің еркіндігі мен теңдігін сақтау нығайып, «қырғи қабақ соғыс» кезеңінен қалған тиімсіз басқару құрылымын қалай реформалау керегін анықтау қажет.
Орайы келгенде айта кетейік, МАГАТЭ кеңесі жылына төрт рет бас қосады. Кеңес нарықтағы құбылыстарқа қарай тиімді ережелерді қабылдауға және басшылықты сайлауға жауапты. Органда қазір батыс елдерінің үстемдік алып, ядролық қарудың таралуына әкелуі мүмкін әрекеттерді саралайтыны жиі жазылады. Дегенмен кеңес мүшелері ядролық технологияның көбірек таралуы мен қолданысқа берілуіне баса назар аударылса дейді.
Қазақстанның табандылықпен өз талабын алға тартуы – ауқымды мәселелердің бетін ашты, – деді АҚШ елшісі Лора Холгейт.
Ақпаратқа сенсек, АҚШ елшісі Қазақстан ұстанымын қолдап, бұл процесті бұзуға тырысқан Иранның әрекетін қабылдамауға күш біріктірген.
Реті келгенде айта кетейік, ауыр металдың бағасы бұл аралықта 2011 жылы жапондық Фукусима ядролық апатынан кейінгі ең жоғары деңгейге көтерілді. Себебі атом отынын пайдалануға деген сұраныс күннен күнге өсіп отыр.
Қазақстан әлеуеті және МАГАТЭ
Жылдар бойы Қазақстан МАГАТЭ-нің Шығыс Еуропадағы, Таяу Шығыстағы және Қиыр Шығыстағы аймақтық топтарына қосыла алмады. Аймақтық топтар басқарушылар кеңесіне кім қабылдайтынын шешуге заңды түрде уәкілетті болса да, Қазақстан бұл қатардан көрінбеді.
Қазақстаннан бөлек, Орталық Азияның басқа елдері: Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Қырғызстан да Басқарма кеңесіне қосылмады. Бахрейн, Фиджи, Папуа Жаңа Гвинеяны мемлекеттері де аймақтық құрам қатарында емес, Араб мемлекеттері мен Иран Израильге Таяу Шығыс тобындағы орыннан бас тартты.Араб мемлекеттері мен Иран Израильді ұйым мүшелігіне қабылдамай, Таяу Шығыс тобына кіргізуден үзілді-кесілді бас тартты.
Оңтүстік Корея елі МАГАТЭ-нің Қазақстанға және басқа да «айрықша құқығы жоқ» елдердің терең реформаларына мұқтаж екенін ескертті. Оңтүстік кәрістердің пікірінше, атом энергетикасымен айналысатын елдердің әлеуетін ескеріп, соның негізінде директорлар кеңесі өкілдігін кеңейту маңызды.
«Бұл әрекеттің өзі мәселенің жартысын ғана шешеді. Егер біз өкілдікті дұрыс арттырмасақ, бұл ұзаққа созылатын мәселеге айналады. Күрделене берсе, оны кейін түзетудің өзі қиынға соғады», – делінген МАГАТЭ Сеул делегациясының мәлімдемесінде.