Жаңалықтар

Нью-Йоркте су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланды

Бір апта бойы тоқтамаған нөсер жаңбыр Нью-Йоркте және оның айналасында қатты су тасқынына әкелді. Қала мэрі төтенше жағдай жариялады, ал штат губернаторы өмірге қауіп төндіретінін ескертті, деп хабарлады «ҚазАқпарат».

Айдың басынан бастап жұма күні таңертең Нью-Йоркте шамамен 350 мм жауын-шашын болды. Қала мен штат билігі су тасқынынан қайтыс болғандарды немесе ауыр жарақаттарды әлі тіркемегенімен, құтқару қызметі алты рет адамдарды су басқан жертөлелерден шығарды деп мәлімдеді.

Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс оқушыларға қауіп төнбейтіндіктен мектептерді жаппау туралы шешім қабылдады, бірақ ол қала тұрғындарына аса сақ болуға және су басуға бейім жерлерден аулақ болуға кеңес береді.

Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хокул нөсер жаңбырды өмірге қауіп төндіретін деп атады. Ол Нью-Йорк, Лонг-Айленд және Хадсон өзенінің аңғарындағы тұрғындарды тәуекелге бармауға және биік жерлерде қалуға шақырды.

Нью-Йорк полициясы су тасқынына байланысты көптеген жолдар жабылуы керек деп хабарлады. Әсіресе магистральдар көпірлердің астынан немесе туннельдерден өтетін жағдайларда.

Қалалық көлік қызметі жолаушыларға метроның төрт желісі толығымен жабылғанын және 12 желіде кейбір станциялар жұмыс істемейтінін хабарлады.

Квинс аймағындағы Лагуардия әуежайы А терминалы уақытша жабылатынын жариялады.