Танымал әуе компаниясы балаларға арналған 50% жеңілдікті мүлдем орындамаған
Бас көлік прокуратурасы жанындағы Үйлестіру кеңесінде авиациялық қауіпсіздік және авиажолаушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.
Отырысқа қатысушылардың баяндамаларын талқылау нәтижелері бойынша бірқатар шешімдер қабылданған, олар бірінші кезекте мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл процестерін цифрландыруға, сондай-ақ объективті бақылау жүйелерін жақсартуға бағытталған.
Осыны орындау шеңберінде «Мемлекеттік жер кадастрының» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне әуеайлақ маңындағы жерді беруді шектейтін қосымша функционалды енгізу жұмысы басталатын болады.
Сондай-ақ кеңес мүшелері QR-код арқылы авиакомпаниялардың және авиатасымалдар саласында қызмет көрсететін басқа да субъектілердің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне жолаушылардың электрондық шағымдарды беру туралы ұсыныстарды әзірлеуін қолдаған.
Жалпы алғанда прокурорлардың жұмысты үйлестіру барысында цифрландыру мәселелерінде белгілі бір нәтижелер бар.
Енді Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің дерекқорын Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай ақпараттық жүйесімен біріктіру арқылы ұшу экипажының денсаулық жағдайы туралы қажетті мәліметтерді онлайн режимде анықтауға болады.
Өзекті мәселелердің қатарында кәмелетке толмаған жолаушыларды халықаралық рейстермен 2-ден 12-жасқа дейінгі, ал 2-ден 15 жасқа ішкі рейстермен тасымалдағанда 50% жеңілдіктің көрсетілуі болған.
Мысалы, ең ірі авиакомпаниялардың бірі сайтта билеттерді сату кезінде тек 11 жасқа дейінгі жолаушыларға ғана балалар тарифін қолданады, ал заң бойынша 15-ке дейінгілерге деп белгіленген.
Агрегаторлар (билеттерді онлайн сатып алуға арналған қосымшалар) арқылы билеттерді сатып алғанда «жеңілдік» мүлдем қолданылмайды.
Бұған дейін прокуратураның актісі бойынша «Флай Арыстан» және «КазахЭйр» авиакомпаниялары халықаралық рейстерге «балаларға жеңілдіктерді» ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Азаматтық авиация комитеті кәмелетке толмаған жолаушыларға жеңілдіктердің тиісінше қолданылуын, сондай-ақ жолаушыларды авиатасымалдау саласында сапалы қызмет көрсетпегені туралы хабардар етуге міндеттейтін заңнамалық түзетулерді жүйелі негізде қадағалауға мүмкіндік беретін алгоритм әзірлеумен айналысады.
Сонымен бірге, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мүдделі органдармен бірлесіп, авиакомпаниялармен рейстерді кешіктіргені үшін сотқа айыппұлдарды өндіріп алу (әр сағат үшін билет құнының 3%), сондай-ақ «балалардың билеттер» үшін артық төленген соманы қайтару мәселесі бойынша талап қоюды зерделейді.
Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске бірқатар түзетулер енгізу туралы мәселені пысықтау жоспарлануда, олар жолаушыларды кідірістер туралы уақтылы хабардар етпеу, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жеңілдіктермен қызметті көрсетпеу, сондай-ақ «овербукинг» үшін бөлек құқық бұзушылықтардың құрамын қарастыруда.
Көрсетілген тапсырмалар бойынша нақты мерзімдер айқындалды және олардың жүзеге асырылуын бақылау Үйлестіру кеңесінің Хатшылығына жүктелді.