Алматыда 2-3 баллдық жер сілкінісі тіркелді
Жарияланды

1 қазанда Алматыда 2-3 баллдық жер асты дүмпулері сезілді. Магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісінің ошағы Қырғызстаннан тіркелді.
ҚР ТЖМ «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 1 қазанда Алматыда сағат 03-30-да минутта жер сілкінісін тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 122 шақырым қашықтықта, Қырғызстан территориясында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.8.
MPV магнитудасы – 6.2.
Тереңдігі – 10 км.
Сезілуі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда 2-3 балл.