Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады

Жарияланды

Қазан айында демалыс күндері мен мерекені қоса алғанда 10 күн демалыс бар, деп хабарлады ҚазАқпарат.

1 қазанда бірнеше мереке аталып өтуде – Халықаралық қарттар күні және Радио қызметкерлері күні.

Алда Ұстаздар күні мерекесі келе жатыр. Биыл Оқу-ағарту министрлігі 5 қазанды Ұстаздар күні етіп бекітті.

Бірақ 1 қазан және 5 қазандағы мерекелерде демалыс жарияланбайды.

Еліміздің басты мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күні. Биыл айтулы мереке жұмыс күніне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар сәрсенбі күні демалады.

Республика күні өткен жылы мерекелер тізіміне қайта енгізіліп, ұлттық мейрам дәрежесі берілген еді.

Сонымен қазанда айында қазақстандықтар барлығы 10 күн демалады. Күнтізбеге сәйкес 9 күн демалыс және 1 күн мереке.

Сондай-ақ оқыңыз