фото: kursiv.media
АЭХА (МАГАТЭ) Қазақстанда АЭС құрылысына арналған орын таңдауға қатысты Бағалау миссиясын бастайды. Бұл туралы 2 қазанда ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар, министрлік АЭС аймағын анықтау ісіне тағы қандай министрліктер қатысатынын нақтылады.
2023 жыл, 2-6 қазан аралығында Қазақстан энергетика министрлігінің шақыруы бойынша Атом энергиясы жөніндегі Site and External Events Design Review Service (SEED) mission халықаралық агенттігінің АЭС орналастыру ауданын таңдау бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау жөніндегі миссиясы өтеді, деп хабарлады Қазақстан Энергетика министрлігі.
Министрліктің хабарлауынша, АЭХА сарапшылары тиісті құрылысты жүргізу жоспарланған әлеуетті аудандарға барады. Нысан ретінде Алматы облысы аймағында орналасқан Үлкен ауылы қарастырылып отыр. Мұнымен қоса, миссия аясында АЭС салынатын аудан таңдау жөніндегі құжаттама қаралатын болады.
Миссияға қатысу үшін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің, Алматы облысының әкімдігінің, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Сейсмология институты» ЖШС өкілдері шақырылмақ.
Миссия нәтижесінде АЭХА сарапшылары АЭС орналастырудың оңтайлы алаңын анықтайды. Құрылыс мекенін айқындау үшін кәсіби ұсыныстар бар нақты есепті ұсынады.
Еске сала кетейік, әлемдегі уран өндірісінің алпауытына айналған Қазақстан Республикасы ядролық отынның халықаралық саудасын реттеу бойынша басқа 160 елдің құқықтарын иемденуде бірқатар жеңістерге жетті.
Оңтүстік Корея елі ұйымның Қазақстанға және басқа да «айрықша құқығы жоқ» елдердің терең реформаларына мұқтаж екенін ескерткенін де жазған болатынбыз. Оңтүстік кәрістердің пікірінше, атом энергетикасымен айналысатын елдердің әлеуетін ескеріп, соның негізінде директорлар кеңесі өкілдігін кеңейту маңызды.
«Бұл әрекеттің өзі мәселенің жартысын ғана шешеді. Егер біз өкілдікті дұрыс арттырмасақ, бұл ұзаққа созылатын мәселеге айналады. Күрделене берсе, оны кейін түзетудің өзі қиынға соғады», – делінген АЭХА Сеул делегациясының мәлімдемесінде.