Акциялары 3,3%-ға арзандайды деген Tesla көлік жеткізуді 435 мыңға қысқартты

Жарияланды

Американдық ірі электромобиль өндірушісі Tesla зауыттарының жоспарланған тоқтатылуына байланысты әлемдік нарыққа шыққан көлік саны кеміді. Шілде-қыркүйек айларында Tesla әлемдік нарыққа 435,059 көлік жеткізген, ал алдыңғы тоқсанда 466,145 көлік шығарған. Бұл жайлы компания хабарлады.

Байқағандарыңыздар, алдыңғы тоқсанға қарағанда үшінші тоқсанда жеткізілімдер біршама қысқарған. Refinitiv сауалнамасына қатысқан сарапшылардың айтуынша, орта есеппен 461 мың көлік жеткізіледі деп күтілген.

Компания есебіне сүйенсек, III тоқсанда Model 3 және Мodel Y cынды бюджеттік модельдерінің жеткізілімдері 419 074, ал оған қарағанда біршама қымбатырақ Model S және Model X сынды модельдердің жеткізілімі 15 985 болды.

фото: tesla.com

Үшінші тоқсанда Tesla 430 488 көлік шығарды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарай көрсеткіш 17,6%-ға өсті, алдыңғы тоқсанға қарағанда төмендеу: 10,3% құрады. S және X моделінің өндірісі жылдық мәнде 31,3%-ға және тоқсандық мәнде 29,7%-ға төмендеді. Бұл ретте Model 3 және Y машиналары 416 800 шығарылды, бұл өткен жылдың үшінші тоқсанының мәнінен 20,5%-ға артық, бірақ ағымдағы жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 9,4%-ға аз.

Еске сала кетейік, өткен тоқсанда Tesla 430 488 автомобиль шығарды.

Компания тоқсандық мәндегі өндіріс көрсеткіштерінің төмендеуіне басты себеп ретінде жаңғыруды, өндірістердің жоспарға бола тоқтап қалуынан туындағанын уақытша келеңсіздікті атап өтті. Жыл қорытындысы бойынша компания әлі де, шамамен, 1,8 млн машина жеткізеді деп күтіліп отыр. Дегенмен, үшінші тоқсандағы қаржылық есепті Tesla, 18 қазанда, яғни америкалық нарық жабылғаннан кейін жариялауды жоспарлап отыр.

Болжам бойынша Tesla акциялары дүйсенбідегі алдын-ала сауда-саттықта 3,3%-ға арзандайды. Осы жылдың басынан бастап автомобиль өндірушісінің капиталдандыруы екі есеге өсіп, 794 миллиард долларға жетті. Ал Nasdaq Composite қор индексі 26,3% қосты.

Элон Маск басқаратын американдық Tesla Motors 2003 жылы электромобильдер мен олармен байланысты технологияларды жасаушы және өндіруші компания ретінде құрылды. Электромобильдерден басқа меншікті технология компаниясы аккумуляторлар мен электр қозғалтқыштарын шығарады және өнімдерді басқа автомобиль компанияларына, атап айтқанда Toyota және Daimler-ге сатады. 2021 жылы компанияның штаб-пәтері Пало-Альтодан Остинге, Техасқа ауыстырылды.

Естеріңізде болса, Tesla акциялары болса, 0,9%-ға өскенін жазған едік. Мұнымен қоса, америкалық Tesla автомобиль өндірушісінің Үндістанда Powerwall электр қуатын сақтайтын кәсіпорын салуды жоспарлап отырғанын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз