Жаңалықтар

АҚШ-та семіздік пен қант диабетіне қарсы дәрі-дәрмектерді жарнамалау шығындары 20%-ға өсті

АҚШ-та семіздік пен қант диабетіне қарсы дәрі-дәрмектер/ Фото:shutterstocks

Бір жылда АҚШ-та семіздік пен қант диабетін емдеуге арналған дәрі-дәрмек өндірушілерінің жарнамалық шығындары 20%-ға өсті.

Фармацевтикалық компаниялардың қаңтар мен шілде айлары аралығында осындай дәрі – дәрмектерді жарнамалауға жұмсаған жиынтық шығындары шамамен 500 миллион доллар.

Бұл ретте тек Ozempic-ті жарнамалауға 120 миллион доллар жұмсалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23% – ға артық.

Соңғы уақытта қант диабеті мен семіздікке қарсы дәрі-дәрмектерге деген сұраныстың күрт артқаны байқалады. 2022 жылдың соңғы үш айында медициналық мекемелер осы препараттарға 9 миллионнан астам рецепт жазған. Бұл 2020 жылдың басындағы көрсеткіштен 4 есе көп.