Екібастұз ГРЭС-2-ні жаңғыртуға Ресей мен БЖЗҚ-ның қаржысы тартылуы мүмкін

Жарияланды
Business News бөлімінің аға тілшісі
gres2.kz және shutterstock

Екібастұз ГРЭС-2 энергоблоктарын жаңғыртуға Ресей мемлекеттік корпорацияларының қаржысы мен Бірыңғай зейнетақы қорының қаражаты тартылуы мүмкін. Оған қоса Ресей тарабы технологиясын да ұсынуға әзір. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ жобалық кеңсесінің басшысы Аңсар Айдаров айтты.

«Иә, Ресей тарабынан қызығушылық бар… Ол жақтан қаржы, субсидияланған қаржы келуі мүмкін. Түрлі мемлекеттік корпорациялар технологиялық шешім және қаржы ұсынуға әзір. Сонымен қатар, ЕРС қызметін ұсынуға дайын (EPC келісімшарты бойынша мердігер нысанды жобалау, сатып алу, салу және оны іске қосу үшін жауапкершілікті өз мойнына алады- «Курсив»)», – деді ол.

Айдаров қазақстандық жобаларға Ресейдің қандай компаниялары қызығушылық танытып отырғанын нақтыламады. Бірақ келіссөз жағасып жатқанын, ол жыл соңына дейін аяқталып қалуы мүмкін екенін айтып өтті.

«Біз ЕАДБ (Еуразиялық даму банкі – курсив) арқылы Ресеймен келіссөз жүргізіп жатырмыз», – деді «Самұрық-Энерго» өкілі.

Оның айтуынша, қарыз рубльмен де, теңгемен де берілуі мүмкін. Аталмыш жобалар құнының 20-30%-ын қазақстандық компания қоса қаржыландырса, қалған бөлігі несимен жабылады. Сонымен қатар ол ресейлік тараптың энергетикалық еншілес компаниялар капиталына кіру мүмкіндігін жоққа шығарып, серіктестікті тек қаржыландыру мен технологиямен қамтамасыз етумен ғана шектелетінін айтып өтті.

ЕАДБ-ға жақын дереккөз «Курсивке» бұл мәселе бойынша келіссөз шынымен жүріп жатқанын растады. Алайда ЕАДБ өзі келіссөз фактісін растамады, тек «бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме бере алмайтын» атап өтті. Қазір Ресей ЕАДБ ірі акционері болып отыр – 44,79% (бұрын 65,98%). Ұйымның басқа акционерлер: Қазақстан – 37,29%, Армения – 4,23%, Қырғызстан – 4,23%, Беларусь – 5,21%, Тәжікстан – 4,26%.

«Самұрық-Энергоға» қаражат берілетін шарттарына байланысты 10–20 жылға қажет. Атап айтқанда, жалпы қуаты шамамен 1,2 ГВт болатын Екібастұз ГРЭС-2-нің №3 және №4 энергоблоктарын жаңғыртуға ақша керек. Нақты құны есептеп болған соң жариялануы тиіс.

Тағы бір жоба – Екібастұз ГРЭС-3 құрылысы. Бұған дейін Энергетика министрлігі қуаты 1,2 ГВт болатын Екібастұз ГРЭС-3 салынатынын хабарлаған. «Самұрық-Энерго» өкілінің айтуынша, енді стансаның қуаты 1,3 ГВт болмақ.

«Біз ГРЭС-3-ке қатысты да жұмыс істеп жатырмыз. Қайда салынатынын анықтау үшін алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге кірісіп жатырмыз. Не Екібастұз энергетикалық торабында, не оңтүстік аймаққа жақын жерді қарастырамыз… Оңтүстікке жақынырақ, Балқашқа жақын жерді қарастырдық. Біз Adani Group компаниясымен де жұмыс істедік», – деді Айдаров.

Энергетика министрлігінің бұрынғы басшысы Болат Ақшолақов пен «Самұрық-Қазына» холдингінің стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ернат Бердіғұлов «Adani Group» Қазақстанда қуаттылығы 1 ГВт және жаңартылатын энергия көздері бар, көмірмен жұмыс істейтін станция салуды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын. Жалпы, мемлекеттік холдинг электр және атом электр станцияларын қоса алғанда, жалпы көлемі 10 ГВт-тан астам энергетика жобаларын іске асыруды жоспарлаған. Үндістандық топ өкілдері Қазақстанға бірнеше рет келіп, станса салуға ұсынылған орындарды аралап көрді.

«Самұрық-Энерго» өкілінің айтуынша, үнді конгломераты Қазақстанда көмірмен жұмыс істейтін станция салуға мүдделі, оған қоса инвестициясынан жақсы табыс тапқысы келеді.

«Олар (Adani Group – «Курсив») қызығушылық танытып отыр. Алайда инвестицияға қоятын талабы биік: капиталдың кірістілігі жоғары болуы шарт. Оған қоса қаржыландыру шарттары бар. Біз бұл бағытта әлі жұмыс істеп жатырмыз», – деген Айдаров Adani Group қандай маржаға қызығушылық танытып отырғанын айтпады.

Қаржыландырудың тағы бір көзі БЖЗҚ болуы мүмкін. Ол үшін станциялар тек шығынды жауып қоймай, сонымен қатар шағын маржаны қамтамасыз ететін тариф қоюға үкіметтің рұқсатын алуы керек. Бұл өз кезегінде көмірмен жұмыс істейтін станцияларға инвесторлар қызығушылығын арттыруы керек

«Біз қазір Үкіметпен Бірыңғай зейнетақы қорынан қаражат тарту мүмкіндігі туралы сөйлесіп жатырмыз. Энергия – бұл өте жақсы бағыт. Бұл салада мемлекеттік реттеу бар. Тарифті бақылау тұрғысынан, инвестицияланған зейнетақы қорларының табыстылығын бақылау тұрғысынан қарасақ та», – деді Айдаров.

Екібастұз ГРЭС-2-нің №3 және №4 энергоблогын жаңғыртуға қатысуға қытайлық CMEC компаниясы да өтінім берген. БАҚ Қытайдың ҚХР-дан тыс көмір стансаларының құрылысын қаржыландырып жатқанын жазды. Алайда әңгіме қолданыстағы станцияларды жаңғыртуды қаржыландыру туралы ғана болып отыр.

«Біз қытайлық банктермен бірнеше келіссөз раунды өткіздік. Бірақ, өкінішке орай, қаржыландыруға тыйым салынғанын ескере отырып, қазір ұсынылған шарттар әсіресе қолайлы емес… CMEC расында ынтымақтастық ұсынды. Олармен жұмыс істеуді әлі де қарастырамыз. Олар енді тек екі жұмыс түрін; инженерлік-техникалық және жабдықпен қамтамасыз ете алады. Біз үшін екі маңызды аспект – құрылыс және қаржыландыру», – деді «Самұрық-Энерго» өкілі.

«Самұрық-Энерго» биыл жыл соңына дейін Екібастұз ГРЭС-1-де №1 энергоблокты іске қосуды жоспарлап отыр. Осылайша, станцияның жобалық қуаты 4 ГВт-қа жетеді.

Сонымен қатар, Қазақстанда Семей мен Көкшетауда жылу электр станцияларын іске қосу жоспарланған, Алайда бұл жобалар «Самұрық-Энерго» компаниясыны қатысуынсыз жүзеге асырылады, тек Семейдегі станцияның техникалық-экономикалық негіздемесі (техникалық-экономикалық негіздемесі) әзірленіп жатыр.

Сәуірде «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Серік Түтебаев 2029 жылға қарай электр қуатының тапшылығы 3 ГВт-тан асатынын айтқан болатын. «Самұрық-Энерго» еліміздегі бүкіл дерлік жылу электр станциялары мен мемлекеттік электр станцияларын отынмен қамтамасыз ететін «Богатырь Көмір» компаниясына иелік етеді. Үшінші тоқсанда «Богатырь» көмір кенішінде көмір өндіру мен тасымалдаудың циклдік-ағынды технологиясын толық қуатында іске қосу жоспарланған болатын.

Жобаны жүзеге асыру үшін компания Еуразиялық даму банкінен 2029 жылға дейін өтеуге 196 миллион еуро сомасында несие тартты. Жоба «Богатырь» кенішіндегі көмір өндіруді жылына 32 миллион тоннадан 40 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік беруге тиіс. Яғни ел көмірінің үштен бірінен астамы осы ашық кеніште өндірілетін болады. 2022 жылдың соңында Қазақстан көмір өндіруді 113,9 млн тоннаға дейін ұлғайтты, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,9%-ға артық.

Сондай-ақ оқыңыз