Қазақстан рұқсат етті: Қырғызстан азаматтары елде ұзақ уақыт тұра алады

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Қырғызстан азаматтарына Қазақстанда елде болу мерізімін енді шектемейді. Атап айтқанда, қырғызстандықтар елімізде рұқсатсыз 90 күннен артық тұра алады. Тиісті қаулыға ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

«Нормативтік құқықтық актілері» туралы Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Иммигранттардың Қазақстан Республикасына келуi мен болу ережелерiнiң 6-тармағының он алтыншы абзацы және олардың Қазақстан Республикасынан шығуы туралы Қырғыз Республикасының азаматтарына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысы 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын», делінген құжатта.

Бұл құжатқа сәйкес, Қырғызстан азаматтарына «алты ай ішінде Қазақстан Республикасында жалпы саны 90 күннен артық бола алмайды» деген талап жүрмейді. Яғни бұл дегеніміз, Қырғыз Республикасының азаматтары «елде болу мерзімін көрсетпестен», ықтиярхатсыз Қазақстанда ұзақ мерзімге дейін, уақытша тұра алады.

Құжат 9 қазанда күшіне еніп келесі жылдың 1 қыркүйегіне дейін қолданыста болады.

Сондай-ақ оқыңыз