Жаңалықтар

Базалық мөлшерлеме мен Ұлттық қордағы шетел валютасын сату көлемі қазандағы теңге бағамына қатты әсер етуі мүмкін

фото: kursiv.media

Бүгінгі сессияда USD – KZT жұбы бір (сағ. 10:25) доллар үшін 479,4 теңге деңгейінде саудаланып жатыр.

Валюта нарығы

Ұлттық валюта шетел валютасына арқа сүйеп, қаржылық саясат есебінен ішкі жағдайды тұрақтандыруды қолға алды. Сондай-ақ сыртқы көріністі жақсарту аясында (KASE сессиясы кезінде) бұрын жоғалған позицияларды қайтаруды жалғастырды. Қыркүйектің соңғы сессиясы қорытындысы бойынша USD-KZT валюта жұбы бойынша орташа алынған бағам бір доллар үшін 474,99 теңгеге (-1,7 теңге) дейін төмендеді. Сонымен қатар, сауда-саттық көлемі де айтарлықтай құлдырады. Дегенмен өз деңгейінде тұрақтап қалды: – 153,9 млн (-87,5 млн).

Қазан айында Ұлттық қордан шетел шетел валютасын сатудың мәлімделген көлемі 1,6 млрд долларға дейін деп жарияланды. Сондай-ақ базалық мөлшерлеме бойынша ҚРҰБ шешімі (06.10) аталмыш курсқа айқындаушы фактор есебінде әсер етуі мүмкін.

Бүгінгі сессияда USD-KZT жұбы (10:25 a LA) бір доллар үшін 479,4 теңге деңгейінде саудаланады.

Диаграмма 1. USD KZT:

дереккөз: KASE

Қаржы нарығы

Жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша ақша нарығының индикативтік мөлшерлемелері баяу болса да, жан-жақты динамиканы көрсетті: TONIA-17,14%-ға дейін төмендеді (-2 б.п.), SWAP_1D – 13,11%-ға дейін өсті (+3 б.п.). Бұл ретте сауда–саттық көлемі жыл басынан бері орташа тәуліктік көрсеткіштен екі есе – 1,7 трлн теңгеден (-24 млрд) асу қарқынынан айныған жоқ. Сонымен қатар, ҚРҰБ депозиттік аукционынға қатысты дерек ұсынды. Ондағы жұма сұранысы 55 млрд теңгені құрады және толық көлемде қанағаттандырылды (орташа алынған кірістілік – жылдық 16,5%). ҚРҰБ операциялары бойынша ашық позиция ҚР ҰБ-ның нарық алдындағы таза берешегінің 4,1 трлн теңге белгісіне жақын.

Қор нарығы

Қор нарығындағы сауда-саттық тарихи рекордты кезекті рет жаңартумен қортындыланды: KASE индексі 4 103,8 (+1,2%) дейін өсті. Индекс құрамында ең үлкен сұраныс Қазатомөнеркәсіп (+5,9%) және ЦКБ (+2,5%) акцияларында байқалды. Естеріңізге сала кетейік, уран өндіруші компанияның акцияларына сұраныс тауар-шикізат нарығының қолайлы динамикасы аясында айтарлықтай артқан еді. Индекстің қалған 7 құралындағы өзгерістер 0,5%-дан аспады.

Борыштық нарықтағы оқиғаның елеулісі ретінде ҚФБ-ның 6,7 млрд теңге сомасына екі жылдық облигацияларды орналастыруын атап өтуге болады. Олардың орташа кірісі 14,84% құрайды.

Әлемдік нарық

Басты америкалық қор индекстері жұмада (0,3-0,5% шегінде) инфляциялық макростатистика ықпалынан біршама төмендеді. Бұл жерде жеке тұтыну шығындарының индексі (PCE) тамыз айында 0,4%-ға өскенін ескерген дұрыс. Америкалықтардың табысы да осындай өсуді көрсеткіш көрсетті. Сонымен қатар, АҚШ Сенаты жексенбінің түн ортасында «шатдаун» басталмас бұрын бюджет бойынша уақытша шараны мақұлдады. Мұндай қажам Америка экономикасына серпін беріп, құлдырауы мүмкін деген түсінікті тамырымен жойды. Алайда, партиялар арасындағы қайшылықты келіспеушіліктер жалғасып жатыр. Саяси топтар арасындағы қайшылықтар бір жылға арналған толыққанды бюджетті бекітуді қиындатады (Үкіметтің уақытша қаржыландыру туралы Заңы 17 қарашада аяқталады).

Аптада инвесторлар көптеген оқиғалар мен жарияланымдарды, соның ішінде Федрезерв өкілдерінің сөйлеген сөздерін, еңбек нарығындағы ашық бос орындар саны (JOLTS) туралы деректерді, өнеркәсіп пен қызметтердегі PMI индекстерін, американдық еңбек нарығы туралы есепті асыға күтеді.

Мұнай

Brent мұнайының бағасы жұмада 1,0%–ға барреліне 92,2 долларға дейін төмендеді. Негізінен алғанда, қыркүйек айында 6,5% өсті. Мұнай бағасы өсуінің себебі – өнім драйверіне айналған Сауд Арабиясы мен Ресей Федерациясының жыл соңына дейін өндірісті ерікті түрде қысқартуды болды. Айта кетерлігі, өнім көлемін қысқарту мерзімі әлі де ұзартылып жатыр. Сонымен қатар, АҚШ-тағы бұрғылау белсенділігі төмендеуді де жалғасын тауып отыр. АҚШ-тағы мұнай қондырғыларының саны 502 бірлікке дейін төмендеді (-5 дана).

Ресей рублі

Жұма күні USD-RUB жұбы бойынша бағам қайтадан айтарлықтай өсті. Яғни, бір доллар үшін 97,97 рубльге дейін (+1,2% немесе 1,17 рубль) артты. Ресей валютасының бұлай әлсіреуі сыртқы фонмен, салық кезеңінің аяқталуымен, ресейлік валюта нарығын ішкі және сыртқы бөлуді талқылаумен байланысты болуы мүмкін. Рубльге салмақ түсуі – инфляцияны жеделдетіп, бензин мен дизель экспортына тыйым салуға жетелеуі мүмкін (валюталық кірісті азайтады).