Шағын шолу: NVIDIA, Tesla акциялары 0,9% өсіп, Carnival 4,9%-ға төмендеді. Қытай нарығы болса әзірге жабық
фото: kursiv.media
Қазақстан қор биржасы (KASE) дүйсенбі күні жаһандық қор, тауар, вальюта нарықтарына қатысты талдау жариялады.
Қор нарығы
АҚШ-тың қор нарықтары үшінші тоқсанның соңғы сауда күнінде көп бағытпен қортындыланды. Бұлыңғыр экономикалық перспективалар және мөлшерлеменің 10 жылдық ең жоғары деңгейде сақталуы инвесторлардың көңіл-күйіне теріс әсер етті. Dow Jones индексі 0,5%–ға, ал S&P 500 0,3%-ға төмендеді, Walmart (-1,6%) және Chevron (-1,1%) акциялары да көңіл қуантпады. Nasdaq индексі 0,1% қосып, жылдық көрсеткіштің ең төменіне дейін құлдырады. Carnival акциялары да келеңсіз болжамдарын жариялағаннан кейін 4,9%-ға төмендеді. NVIDIA және Tesla акциялары болса, 0,9% және 1,6% қосты. Nike акциялары күшті тоқсандық нәтижелер аясында 6,7%-ға өсті. Dow Jones индексі осы айда 3,2%-ға және тоқсанда 2,4%-ға төмендеді. S&P 500 индексі айды 4,8%–ға, ал тоқсанды 3,5%-ға төмендетумен аяқтады. NASDAQ қыркүйек айында 4,9% жоғалтып, тоқсандық көрсеткіште 2,9% төмендеді.
Еуронарық. Жұма күні Еуропалық қор нарықтары артты. Dax және STOXX 600 индекстері 0,4%-ға өсті. Еуроаймақтағы инфляция қыркүйек айында күткеннен 4,3%-ға дейін баяулады, бұл 2021 жылдың қазан айынан бергі ең төменгі деңгей, ал базалық инфляция деңгейі жылдық ең төменгі 4,5%-ға дейін түсті. Екі мөлшерлеме де ECB мақсатынан 2% жоғары болып қалса да, инфляциялық қысым біртіндеп төмендейді. DAX 40 индексі қыркүйекте 3,5%, ал STOXX 600 1,6% жоғалтты.
Жапония. Nikkei 225 индексі дүйсенбіде 0,73%-ға өсіп, 32 095-тен асып, екі күндік құлдырауды тоқтатты. Үшінші тоқсанда іскерлік көңіл-күй айтарлықтай жақсарды, бұл экономиканы қалпына келтірудегі оптимизмді арттырды. Өсуге барлық дерлік секторлар қатысты. Mitsubishi UFJ (2,5%), Fast Retailing (2,6%) және Advantest (2,9%) айтарлықтай өсті.
Қытай. Дүйсенбіден бастап Қытайдың нарығы мерекелерге байланысты жабылып, биржалар тек 9 қазанда қайта ашылады.
Ресей. Мәскеу биржасының индексі жұмада 0,81%-ға өсіп, 3 133,26-ға жетті.
Тауар нарығы
Дүйсенбі күнгі таңертеңгі сауда-саттық қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнайға баға белгілеулер барреліне 9 92,50, WTI-барреліне 9 91,14 құрады.
Валюта нарығы
DXY доллар индексі дүйсенбідегі таңғы сауда-саттықта 106,25 пункт деңгейінде сатылады.