Шымкентте ұрланған бюджет қаражатына Астанадан үй сатып алған лауазымды тұлғалар тергеуге алынды

Жарияланды
Фото: Kursiv.mediA

Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 1 млрд теңдеген астам бюджет қаражатын ұрлады деген лауазымды тұлғалар күдікке ілінді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікке ілінген Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қанша қаржы жымқырылған және қалай. Қала әкімдігінің бақылауындағы қосалқы мердігерлермен және лауазымды тұлғалармен бір топ адамдармен бірлесе отырып, жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу желілері мен электр желілерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 1,1 млрд. теңге сомада бюджет қаражатын ұрлау жолымен қалалық коммуналдық кәсіпорнының басшылығы қылмыс жасады деп күдіктелуде.

Ұрланған қаржы қалай жұмсалған. Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған.

Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыз