Өнеркәсіп министрі жыл ішінде бір де бір өндіріс орны ашылмаған өңірлерді атады

Жарияланды

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жобалар іске аспаған өңірлерді атады.

Министрдің айтуынша, «Қазхром» кәсіпорнының қожын қайта өңдеу бойынша байыту фабрикасы пайдалануға берілді, өңдеу қуаты жылына 400 мың тоннаға дейін, 271 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Ақтөбе облысында мамыр айында қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты іске қосылды. Жылына 25 бұрғылау машинасы өндіріледі, 150 жаңа жұмыс орны құрылды. Жетісу облысында Алмаз Керамикс (Diamond Ceramics) компаниясы керамикалық тақтайшалар өндірісін 3,5 млн шаршы метрге дейін кеңейтіп жатыр. Бұл өнім бойынша ел импортының 10% жабады, 226 тұрақты жұмыс орны құрылды», – деді министр.

Айтуынша, өңірлер бойынша ең көп жоба Астана қаласында (17 жоба), Түркістан (16 жоба) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (15 жоба) іске қосылған.

«Инвестиция көлемі бойынша Қарағанды (235 млрд теңге), Павлодар (125,8 млрд теңге) және Алматы (111,5 млрд теңге) облыстары көш бастап тұрч
Бұдан басқа, ең көп жоба Батыс Қазақстан (9 жоба), Түркістан, Маңғыстау (7 жобадан) облыстарында пайдалануға берілді. Атырау, Ұлытау, Абай облысы және Алматы қаласынла жобалар іске қосылмаған», – деді Шарлапаев.

Сондай-ақ оқыңыз