«ҚазТрансОйл» қанша акциясын кері сатып алғанын жария етті

Жарияланды

фото: inbusiness.kz

Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «ҚазТрансОйл» ұлттық биржаға өз акцияларын ұстаушылардың деректерін 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша ұсынды.

Қазақстан қор биржасында жарияланған мәліметке сәйкес, жарияланған жай акцияларының жалпы саны 384 635 600 дана, оның 384 635 599-ы нарыққа орналастырылған.

Сонымен қатар, «ҚазТрансОйл» АҚ-сы өзінің 7 500 акциясын кері сатып алғанын мәлімдеді. Акциялардың басты үлескері – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» .

Құжатта:

Компанияда орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ. Оның меншігінде 346 172 040 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 90,00 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 90,00 %) бар, – делінген.

Айта кетерлігі, қазақ қара алтынын әлемге жеткізуде «ҚазТранОйл» АҚ-сы жаңа бетбұрыстарға қадам басқаны байқалады. Естеріңізде болса, Ресейдің «Транснефть» компаниясы қазақстандық «ҚазТранОйл» АҚ-мен 2024 жылы төл мұнайды Ресей жері арқылы тасымалдау туралы келісімге келгенін хабарлаған едік.

«ҚазТрансОйл» АҚ  2023 жылы «Дружба» құбыры арқылы көлемі 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын Германияға жеткізу мәселесі Ресей тарапымен бұған дейін келісілгенін мәлімдеді.

«Қазтрансойл» АҚ Баку портына қарай экспортталған отандық мұнай көлемін алғашқы сегіз айта 12 есеге арттырды. Осы жылдың сегіз айы бойынша  Ақтау портынан сыртқа  2 млн 164 тонна мұнай тасымалданды.

«Қазтрансойл» өкілдерінің хабарлауынша, аталмыш көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 759 мың тоннаға немесе 54%-ға артық.

«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральды мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. Ол ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. 

Сондай-ақ оқыңыз