Айыппұл ең көп арқалайтын да, төлейтін де Алматы жүргізушілері

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Алматы қаласы жол ережелерін бұзу жөнінен көш бастап тұр. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің орталықтандырылған деректер банкінің мәліметтеріне сәйкес, Алматыда 16,8 млрд теңге сомасына 1 млн құқық бұзушылық тіркелген.

Ал одан кейінгі орында Астана тұр. Бұл қалада – осы жылдың 8 айында 800 мың құқық бұзушылық тіркелген. Айыппұл көлемі 12,7 млрд теңгені құрап, оның 8,6 млрд теңгесі төленген. Құқық бұзушылық ең аз тіркелген өңір – Павлодар облысы. Онда 11,8 млрд теңге сомасына 92 мың айыппұл салынған, оның 11,3 млрд теңгесі өтелген.

Жалпы алғанда, 2023 жылдың 8 айында шамамен 6,8 млн әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 5,5 млн құқық бұзушыға 128,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 88,3 млрд теңгесі өндірілген.

Айыппұлдардың басым бөлігі немесе 4,6 млн айыппұл алғашқы 7 тәулік ішінде төленген. 50% жеңілдікпен төленген айыппұл сомасы 44,1 млрд теңгені құраған. Ал өндіріп алу жолымен айыппұлдардың 68,8%-ы өтелген.

Барлық әкімшілік құқықбұзушылықтардың 95%-ын ішкі істер органдары тіркеген. Олар 5,3 млн құқық бұзушыға шамамен 68,4млрд теңге көлемінде айыппұл салған, оның 51,7 млрд теңгесі мемлекет бюджетіне түскен. Айыппұлдардың негізгі бөлігі фото-бейнетіркеу камералары арқылы тіркелген. Камералардың көмегімен анықталған құқық бұзуышылықтар негізінде 38,1 млрд теңге сомасында айыппұл салынып, 3,4 млн-нан астам ұйғарым шығарылған.

Сондай-ақ оқыңыз