Арктикадағы мұнай тасымалдау бағыттарын Ресейдің орнына енді Қытай бақылайды – The Wall Street Journal

Жарияланды

фото: www.wsj.com

Қытайдың Арктика үшін таласта басымдыққа ие болуына жол ашылды. Аймақта ұзақ уақыт бойы ірі ойыншы саналатын Ресей бұл үрдіске бөгет болуын тоқтатты. Бұл жайлы The Wall Street Journal көлемді зерттеу жариялады.

Басылымның жазуынша, Украинаға басқыншылық жасағанына байланысты экономикалық оқшаулануға тап болған Ресей Арктиканы дамытуға келгенде Қытайдан көмек сұрайды. Батыстың энергетикалық компаниялары Ресейге тән жобалардан шығуға оқталып жатыр. Ал Қытай мен Ресейдің жаңа ынтымақтастығы Арктиканы Ресейдің солтүстік-батысынан Беринг бұғазына дейін кесіп өтетін Солтүстік теңіз жолы арқылы мұнайдың өсіп келе жатқан жеткізілімінде айқын көрінеді.

Мұнай тасымалының көлемі Оңтүстік маршруттармен салыстырғанда аз болса да, соңғы апталарда күрт өсті. Ресей осы бағыт бойынша транзитті реттеу құқығын қорғайды. Соңғы күндері Қытай портына әрқайсысы миллион баррельден астам мұнай тасымалдайтын екі үлкен танкердің біріншісі келген.

Сонымен қатар, Ресей жағы Қытайдың Қиыр солтүстіктегі теңіз жаттығулары мен теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларында келіп қосылды. Басылымда Ресейдің мұз жағдайын бақылау үшін қытайлық спутник деректерін танытатын технологиясына қалтқысыз сенетіні айтылған.

Естеріңізде болса, Ресей осы уақытқа дейін Қытайдың мұзды аймақта болуын еш құп көрген емес-ті. Тіпті, Ресей бір кездері аймақтық мәселелерді шешудің жетекші форумы болып табылатын сегіз арктикалық елдің органы – Арктикалық кеңесте Қытайдың бақылаушы мәртебесін алу өтінішіне қарсы шықты. Бұған дейін Қытай кемелеріне арктикалық зерттеулер жүргізуге тыйым салып келді.

2020 жылы Бейжің мен Мәскеу арасындағы соңғы онжылдықтардағы ең жылы қарым-қатынасқа қарамастан, Ресей билігі Арктика сарапшысын Қытайға «ақпарат тасып, барлауын жүргізді» деген күдікпен қамауға алған-тұғын.

Ресейдің Украинаға басып кіруге байланысты қойылған санкциялар қытайлық фирмаларды біраз сескендіріп, Ресейдегі бизнесін кеңейтуге сақтықпен қарауға мәжбүр етті. Дегенмен екі ел арасындағы сауда күрт өсті, – дейді сарапшылар.

Дегенмен, санкциялар екі елдің Арктикадағы әлеуетті серіктестігін дамытуға кедергі болмағанын байқаймыз.

Сондай-ақ оқыңыз